2019 жылғы 27 наурызда кәсіпкерлермен осы және Қазақстанның «Doing Business» рейтингіндегі позициясын көтеру мәселесі бойынша кездесу өткізілді.
Түрлі ұйымдар мен ведомство өкілдері Қазақстандағы бизнесті дамыту қарқынын арттыру мен оның шарттарын жақсарту туралы бірлескен шешімдер пысықталып, ағымдағы мәселелер талқыға салынды.
Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Жақыпов әкімшілік кедергілерді азайту мен бизнеске рұқсат беру құжаттарын қысқартуға арналған заңнамалық бастамаларды іске асыруға орай бизнес климатты жақсарту мәселесі туралы сөз сөйледі.
Қазақстандағы реформалар мен бизнестің жағдайын Дүниежүзілік банктің тәуелсіз сарапшылары бағалайды. 2018 жылғы есепке қарағанда, Қазақстан «Doing Business» рейтингінде өткен кезеңмен салыстырғанда 8 тармаққа жоғарылап, 190 әлем елдерінің ішінде 28 орынды иеленді. Осы кезең ішінде рейтинг 49 позицияға арттырған.
Қазақстан рейтингте Испания (30 орын), Франция (32), Польша (33), Португалия (34), Швейцария (38), Жапония (39), Түркия (43) елдерінен озық тұр. Еліміз Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ішінде көшбасшы. Ресей (31), Беларусь (37), Армения (41) мен Қырғызстан (70) елдері рейтингте одан төмен орналасқан.
Сонымен бірге, Қазақстан 2005 жылдан бері жүзеге асырылған реформаларының саны жөнінен 2016 жылғы есепте үздік реформатор ел ретінде танылып, әлемнің 190 елінің ішінде 3 орынды иеленді. Соңғы 4 жылда 53 реформа іске асырылған (орташа алғанда, жылына 13 реформа немесе айына бір реформадан көп).
Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев «Халықаралық сауда» индикаторы бойынша сөз сөйлеп, кедендік декларация ұсыну мәселесі мен «Бірыңғай терезе» порталы арқылы «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде кедендік іс жүргізу, кеден және салық әкімшілігін цифрландыру, сондай-ақ блокчейн технологиясын қолдану арқылы ҚҚС әкімшілендіруі туралы баяндады.
Іс-шара кезінде бизнес ашу рәсімдерін жеңілдету, қосылған құн салығын тіркеуге қажетті уақытты 5 жұмыс күнінен 1 жұмыс күніне қысқарту, жеке компаниялардан құжаттарда мөр болуын талап етуге тыйым салу, темір жолда ақпараттық жүйені енгізу, «Несие алу» және «Миноритарлық инвесторларды қорғау» индикаторлары бойынша реформа жасау, құрылысқа рұқсат алу, жылжымайтын мүлік құқығын рәсімдеп, тіркеу және т.б. мәселелер туралы тұсаукесер өткізілді.
Сарапшылар атап өткендей, кезекті заңнамалық түзетулер (7 пакет) банк шотын тиісті тексерусіз-ақ онлайн ашу сәтінен бастап, қашықтан бақылау, кәсіпорынның банкроттық рәсімі кезінде кепіл кредиторға басымдық беру, жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі мәліметтеріне жария қол жеткізу секілді негізі реформалардан тұрады.
Тұтастай алғанда, кездесу барысында мүдделі тараптардың ынтымақтастығы нығайтылып, өзара байланыс орнатылды. Сондай-ақ жүйедегі мәселелерді бірлесіп шешуге уағда жасалды.
Сарапшылар «Doing Business» рейтингі бойынша айтылған заңнамалық бастаманың Қазақстандағы бизнестің дамуына оң әсер ететінін атап көрсетті. Ол сондай-ақ, елімізге қосымша инвестицияның келуіне, экономиканы дамытуға, азаматтардың жағдайын жақсартуға ықпал етеді.
Алматы қаласында 2019 жылғы 27 наурызда өткізілген кездесуде жасалған баяндамалардың тұсаукесерін мына сілтемелер бойынша жүктеуге болады: