Бүгін Алматыда «Open Almaty» порталы пилоттық режимде іске қосылды. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен »Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ өмірлік жағдайлардың шешімдерін сүйемелдеу бойынша жобаны іске қосты.
«Open Almaty» Smart City тұжырымдамасын іске асыру аясында бастама алған.
Жоба, Алматы қаласының тұрғындарына, кәсіпкерлеріне және қала қонақтарына НҚА-мен регламенттелмегентұрмыстық жағдайларды шешуде көмектесуге арналған. Жоба мемлекеттік органдардың стандарттар мен регламенттерді әзірлеу тәсілін өзгертіп, оларды қайта өңдеуден өткізуге мүмкіндік береді деп күтілуде. Басқаша айтқанда, регламент халықтың сұраныстарына негізделуі тиіс.
Тұрмыстық жағдайларды қарауға арналған өтінімдерді талдау халықтың неғұрлым өзекті және проблемалық мәселелерін анықтайды.
«Open Almaty» - бұл кешенді жоба, оны екі кезеңде жүзеге асыру жоспарланып отыр:
Бірінші кезең - open-almaty.kz тұрмыс жағдайлар порталын іске қосу;
Екінші кезең - қала әкімдігінің Қоғамдық қабылдау бөлмесін Ашық есік және халыққа әкімдіктің қол жетімділігі қағидаты бойынша іске қосу. Қоғамдық қабылдау бөлмесі әкімдіктің бір шатырын астында, инвесторларға қызмет көрсету орталығы, туристік орталық, ЗТЖМО орталығы, әкімдіктің бірыңғай call-орталығы, сондай-ақ азаматтардың өтініштерінің құзыреттілік орталығы (талдаушылар) біріктіріледі деп болжануда.
Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін «Open Almaty » порталы пайдаланушылардың 3 санаты бойынша бөлінген: қала тұрғындарына, қала қонақтарына және бизнеске. Портал қалалық билікпен бірыңғай байланыс орталығы ретінде ойластырылған. Өтініштердің бірыңғай базасы, сәйкесінше, Алматы қаласы басқармаларымен азаматтардың өтініштерін қарау тәртібін бақылауды күшейтеді және тиімділігін арттырады.
«Open Almaty» порталы - бұл әр түрлі мәселелер бойынша толық нұсқаулықтар беруге арналған интерактивті анықтамалық: учаскелік дәрігерді үйге қалай шақыру, баланы басқа мектепке қалай ауыстыру, жұмысқа орналасуда қандай көмек алуға және т.б., сондай-ақ құқықтық алаңда көрініс таппаған жағдайларды қамтиды. Айта кету керек, бүгінде тестілік тәртіпте 100-ден астам тұрмыстық жағдай ұсынылған.
«Бүгін біз халықтың тұрмыс жағдайларын шешу бойынша басты ақпараттық көз болуға әлеуеті бар «Open Almaty» порталын пилоттық режимде іске қосамыз«, - деп түсіндірді »Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Руслан Асаубаев. »Біз алматылықтарға тіпті қандай Мемлекеттік орган немесе коммуналдық шаруашылық оған қажетті қызмет көрсетіп жатқанын, сондай-ақ, мәселелер туындаған жағдайда, қайда хабарласу керектігін білу қажеттілігі туындамайтындай жағай жасау мақсатында, порталды дамыту жұмыстарын жүргізудеміз. OpenAlmaty-ға пайда болған тұрмыстық жағдайларды шешудің жолдары мен үлгі-нұсқаларын қарастыру жүктеледі«, - деп түсіндірді ол.
Тұрмыстық жағдайларды шешу үшін қадамдық нұсқаулар қарапайым тілде сипатталған және терминдермен жүктелмеген. Порталда қызмет көрсетудің барлық бағыттары бойынша жиі кездесетін сұрақтар бойынша жауаптар қарастырылған, іздеу батырмасы арқылы тауып алу да қарастырылған.
«Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Алматы қаласының барлық тұрғындары мен қонақтарын порталды әзірлеуге қатысуға шақырады. Руслан Асаубаев, әзірге портал пилоттық режимде жұмыс істейтінін атап өтті. »Жобаның сәттілігі тек техникалық сипаттамаларға ғана емес, ең алдымен, қала тұрғындрының қызығушылығына байланысты. Порталда барлық жағдайлар қамтылмағанын түсінеміз. Сондықтан, егер сіз тұрмыстық жағдайыңызға қатысты мәлімет таппасаңыз, өтініш қалдыруды сұраймыз. Біз оны міндетті түрде қарастырамыз және қадамдық нұсқаулық береміз. Осылайша, портал контенті пайдаланушылардың сұрауларымен қалыптаса береді. Порталдың қызметі мен функцияларын дамыту жөніндегі ескертулер мен ұсыныстары үшін пайдаланушыларға алғыс білдіреміз » - деп атап өтті ол.
Порталдың пилоттық режимде іске қосылғанын назарға ала отырып, ол, сондай-ақ,сарапшылар мен жұртшылықты жобаға және регламенттерді әзірлеуге белсенді қатысуын өтінді және барлық ескертулер мен ұсыныстар бойынша open-almaty@almatydc.kz электрондық мекенжайға жіберуді сұрады.
«Open Almaty» порталы http://open-almaty.kz/ мекенжайы бойынша пилоттық режимде қолжетімді , портал ресми түрде осы жылдың тамыз айында іске қосылады.