29.11.2017

DSC02644

 

2017 жылдың 28 қараша күні Алматыда »Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ, Әділет министрлігі, Ақпарат және коммуникация Министрлігі, Ұлттық банк, ЕДБ, бизнес-қауымдастық өкілдері және »Реформатикс» ЖШҚ халықаралық сарапшыларының қатысуымен бизнес климатты жақсарту бойынша Қазақстанда қабылданған реформаларға мәлімдеме беру мақсатында бизнес-қауымдастықпен кездесу өтті.

«Doing Business» дүниежүзілік Банкінің  рейтингісі шетелдік компаниялардың өз ісін жүргізуде ел таңдау кезіндегі маңызды құрамдас бөлігі  және бастапқы нүктесі болып табылады, сәйкесінше, «Doing Business» рейтингіне қатысушы 190 ел бизнес жүргізу үшін неғұрлым қолайлы және жайлы жағдайлар жасау үшін бәсекелестік күрес жүргізуде.

«Қазақстанда бизнес-климатты жақсарту аясында 5 реформа пакеті қабылданды. Мысалы, егер бұрын заңды тұлға - шағын кәсіпкерлік субъектісі 5 күнде тіркелсе, қазір қабылданған шешімдер мен заңнамаға енгізілген өзгерістердің арқасында жарты күн ішінде тіркелуге болады. «Doing Business 2018» Дүниежүзілік Банктің есебіне сәйкес Қазақстан рейтингте 36 орында тұр. Көптеген индикаторлар бойынша біз өз позициямызды көтереміз, ал кейбіреулерінде көшбасшылық позицияда орналасқанбыз. Мысалы, »Миноритарлық инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша Қазақстан биылғы жылы әлемнің 190 елінің арасында бірінші орында тұр«, - деп атап өтті »Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ атқарушы директоры Әлия Жақсылықова.

Алматы қаласының әкімдігі Қазақстан индикаторларының позицияларын жақсарту бойынша жұмыс жүргізуде, мемлекеттік органдармен, коммуналдық кәсіпорындармен тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, қызмет көрсету орындарында және мемлекеттік органдардың сайттарында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, сұралатын құжаттар тізімі, сенім телефондарының нөмірлері орналастырылған. Сәулет басқармасымен 82 жобалық және 40 геодезиялық ұйымдармен жобалық құжаттаманы дайындау мерзімін 30 күннен 10 күнге дейін қысқарту туралы меморандумдар жасалды.

Халықаралық сарапшылар, сондай-ақ, Алматының бизнес-реформалардың негізгі қозғаушы күші болып табылатын Орталық Азия өңірінің ірі қаржы орталығы ретіндегі рөлін атап өтті.

«Реформатикс» компаниясы Қазақстан үкіметін бизнес климатты жақсарту бойынша реформалар жүргізуде үшінші жыл қатарынан сүйемелдеп келеді. Соңғы үш жылда Қазақстан өз позициясын жақсартты және рейтинг жоғары болған сайын, әрбір келесі қадам соғұрлым қиындай түседі. Қазақстан реформалар бойынша әлемдік көшбасшының біріне айналды, бұл Дүниежүзілік банкпен атап өтілді және бұл елдің жалпы имиджі үшін өте маңызды. Грузия абсолютті көшбасшы болып табылады, бұл реформаларды »Реформатикс» командасы жүргізді, сондықтан біз Қазақстанды бизнес жүргізуге үлгілі ел ретінде көрсету мақсатында Қазақстанмен тәжірибе бөлісеміз«, - деп толықтырды» Реформатикс» ЖШҚ халықаралық сарапшысы Давид Коберидзе.

Сондай-ақ, әділет министрлігі, ақпарат және коммуникациялар министрлігі және Ұлттық банктің өкілдері кәсіпорындар ашу, Меншікті тіркеу, келісім-шарттарды орындау және несие алу саласында жүргізіліп жатқан реформаларға тоқталып өтті.

Дүниежүзілік банк Алматы қаласында жыл сайын сауалнама жүргізетінін атап өтелік. Бұл мегаполистің Қазақстандағы бизнес-климатты жақсартуға бағытталған реформаларды іске асырудағы рөлі мен жауапкершілігін атап көрсетеді.

DSC02659