Алматыда вело-жаяу жүргіншілер желісі мен қаланың қоғамдық кеңістіктері талқыланды

01.12.2017

WhatsApp Image 2017 12 01 at 09.06.44 копия

Бүгін Еуропалық Одақтың қолдауымен Британдық кеңес, Алматы қаласының әкімдігі, »Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ және  Қазақстан-Британ техникалық университетінің ұйымдастыруымен »Жасыл дәліз» және қоғамдық кеңістік» тақырыбында диалогтік алаң форматында »Біз Алматы» жобасының екінші форумы өтті. Іс-шараның мақсаты  -билік, азаматтық қоғам және бизнес-сектор өкілдері арасында қаланы дамыту және »жасыл дәліз» тұжырымдамасын жүзеге асыру мәселелері бойынша диалогты жалғастыру.

Кездесу барысында, ұйымдастырушылар жаяу жүргіншілер үшін »жасыл дәліз» құру және қала тұрғындарының демалуына арналған қоғамдық орындар желісін дамыту жөніндегі жоспарларымен бөлісті,сондай-ақ алматылықтарды жаяу жүргіншілер аймақтарын дамытуға қатысты өз идеяларымен бөлісуге шақырды.

«Бүгінгі алаңда келесі жылы жүзеге асыру үшін қаланы жайластыруға қатысты барлық ұсыныстарды ортаға салуды ұсынамыз. Биылғы жылы Алматы-2020 Даму Бағдарламасы аясында қаланың ескі бөлігіндегі жаяу жүргіншілер көшелерін жайластыру бойынша бірінші кезең өтті, бұл өзгерістер адамдарға ұнағанын көріп отырмыз. Қазіргі көшелерді әрі қарай тиімді етіп қайта құру және жаяу жүргіншілер желісін дамыту үшін тұрақты негізде, қала тұрғындарының тілектерін алып отыру қажет», - деді урбанистика орталығының жетекшісі Наталья Ливинская.

Қала әкімшілігі тарапынан сәулет және қала құрылысы басқармасының, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының және Алматы қаласын дамыту орталығының өкілдері, азаматтық белсенділер, сарапшылар, мәдени қайраткерлер мен бизнесмендер қатысты.

«Біздің басты мақсатымыз - қаланы дамытуда маңызды факторлардың бірі болып табылатын қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау. Келесі жылы 18 көшені қайта жаңарту жоспарлануда. Біз жаяу жүргіншілер шеңберін қалыптастырдық, олар Төле би көшесі, Достық, Абай даңғылдары мен Есентай өзенінің жағалауы. Бүгінгі таңда жаяу жүргіншілер көшелерінің өзегі Панфилов көшесі болып табылады. Біз бұл көшені ескі Алматы орталығын сақтау және жаңғырту үшін арнайы алдық«, - деп атап өтті Алматы қаласының сәулетші басқармасы басшысының орынбасары Алмасхан Ахметжанов.

WhatsApp Image 2017 12 01 at 09.06.44 1

Презентациядан кейін форум қатысушылары жаяу жүргіншілер аймақтары мен веложолдар, саябақтар мен жасыл аймақтар желісін жобалаудың екінші кезеңін қалыптастыруға өздерінің қажеттіліктері мен үміттерін ескере отырып, өздерінің сындарлы ұсыныстарын енгізді.

Пікір алмасудан басқа, ұйымдастырушылар жергілікті аудандардың инфрақұрылымын дамыту, жаңа бизнес-инкубаторлар, жаңа сандық технологиялар мен мобильді қосымшалар құру, қоғамдық кеңістіктер, шығармашылық орталықтар мен жаңа әлеуметтік кәсіпорындар құру, бейне-материалдар өндіру, қаладағы жерлер мен кеңістіктерді көгалдандыру бойынша және т.б. конкурстың іске қосылуы туралы айтып өтті.

«Біз Алматы» гранттар қоры - бұл ынталы азаматтардың өз идеяларын және әлеуметтік жобаларды іске асыруға тамаша мүмкіндік. Біз адамдарға қала мен оның қауымдастықтарының өмірін жақсарта отырып, өз бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік бергіміз келеді. Біз қалалықтарды және түрлі мүдделі тұлғаларды еліктіретін және нақты бизнес-модельге ие тұрақты жобаларды көргіміз келеді. Процедураның егжей - тегжейлі сипаттамасы және іріктеу критерийлері жоба сайтында орналастырылған«, - деді »Біз Алматы» жобасының менеджері Данияр Мұқатанов.

«Біз Алматы» жобасы Еуропалық Одақтың 430 мың еуро көлеміндегі қаржылық қолдауымен British Council (Британдық кеңес), Алматы қаласының әкімдігі, »Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ және Қазақстан-Британ техникалық университетімен (ҚБТУ)   жүзеге асырылады. Жоба 2017 жылдың сәуір айында азаматтық қоғамды дамыту арқылы мәдениет, бизнес және »белсенді қала тұрғындары қаласын» қалыптастыру саласында Алматы қаласының 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасын жүзеге асыруға ықпал ету мақсатында іске қосылды. Үш жылға есептелген жоба қала қоғамдастықтарының әлеуетін арттыруға, Алматы қаласын дамытуға азаматтарды еліктіру және әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау үшін қажетті дағдылар мен мүмкіндіктер алуға ықпал ететін болады.

WhatsApp Image 2017 12 01 at 09.06.45

Анықтамалық ақпарат:

Жасыл дәліз - велосипедшілер мен жаяу жүргіншілерге арналған жолды қамтиды. Жасыл дәліз траекториясы қала сыртындағы аудандар мен қалалық саябақтарды қоса отырып, қала сыртындағы және қалалық аудандар арқылы жүргізілуі тиіс. Ландшафтық дизайн, орналасқан жеріне сәйкес келуі тиіс: қала сыртындағы аудандарда табиғи және орам ішінде жосықсыз болуы керек. Жасыл дәліз, мақсатына байланысты өзгеретін табиғи траекторияны ұстануы тиіс. Әдетте, бұл - жағалаулар (өзен променадтары) немесе пайдаланылмайтын рельстер (рельстен соқпақтарға). Бұл тұжырымдама 2018ж. қала орталығын қайта жаңартудың екінші кезеңін жоспарлау кезінде Алматы қаласының әкімдігімен және АДО-мен қолданылатын болады.

Еуропалық Одақ өзінің озық жетістіктерін, ресурстарын және тағдырын біріктіруді шешкен 28 мүшелік мемлекеттерді қамтиды. 50 жылдық даму кезінде олар мәдени алуан түрлілікті, шыдамдылық пен азаматтық еркіндікті сақтай отырып, тұрақтылық, демократия және тұрақты даму аймағын құра алды. Еуропалық Одақ өзінің жетістіктерімен және құндылықтарымен одан тыс мемлекеттермен бөлісуге дайын.

British Council (Британ Кеңесі) - бұл Біріккен Корольдіктің Мәдени қатынастар мен білім беру мүмкіндіктері саласында жұмыс істейтін халықаралық ұйымы. Біріккен Корольдік пен басқа да елдер арасындағы ынтымақтастық құру және өзара түсіністікті нығайту үшін достық атмосфера құруға ықпал етеді. Біріккен Корольдіктің және басқа да елдердің дамуына оң үлес қосуға және сенімді қарым-қатынасты дамыта отырып, мүмкіндіктер жасай отырып, адамдардың өмірін жақсартуға ұмтылады. Британ Кеңесі өнер және мәдениет, ағылшын тілі, білім беру және азаматтық қоғамды дамыту саласында әлем бойынша 100-ден астам елде жұмыс істейді. Жыл сайын біздің іс-шараларымыз арқылы 20 миллионнан астам адамды және онлайн-арналар мен БАҚ арқылы 500 миллионнан астам адамды тартады.

Қазақстан-Британ техникалық университеті 2001 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қамқорлығымен Қазақстан мен Ұлыбританияның бірлескен жобасы аясында құрылды. Еліміздің жетекші университеттерінің бірі бола отырып, ҚБТУ Алматы қаласының зияткерлік даму жобаларына »Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ және Алматы қаласының әкімдігімен бірлесе отырып, белсенді қатысты. ҚБТУ өзін Алматы қаласы үшін серіктес ретінде көрсетуге тырысады және, тиісінше, өзінің ғылыми қызметінің негізгі басымдықтарының бірі ретінде қаланың зияткерлік дамуына барынша үлесін қосуды мақсат етеді. ҚБТУ-нің осы жобаға негізгі үлесі контент ұсыну және оны өзара іс-қимыл және диалог платформасында орналастыру болып табылады.

«Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ

Алматы қаласын дамуыт орталығы қаланың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына, қалалық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Осы мақсаттарға қол жеткізудің басты құралы - Алматы қаласының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді консалтингтік сүйемелдеу. »Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Алматы қаласының Халықаралық рейтингтеріндегі көрсеткіштеріне талдау және мониторинг жүргізеді, сондай-ақ, «Smart Almaty» жобасын қоса алғанда, инновациялық жобаларды зерттеу, әзірлеу және іске асыру қызметтерін атқарады. Орталық қызметінің маңызды аспектісі урбанистика саласындағы жобалар мен іс-шараларды іске асыру болып табылады. Сонымен қатар, функцияларына Алматы қаласы әкімдігінің қатысуымен ұйымдарда корпоративтік басқару қағидаттарын енгізуді консультациялық және әдіснамалық қолдау және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын талдау кіреді.

 

WhatsApp Image 2017 12 01 at 09.06.44 2