24.01.2018

kjkj

«Ақылды» көлік жүйесі биыл іске қосылады. Жобаны Алматы қаласын дамыту орталығы әзірлеген және »Циско» халықаралық компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылатын болады. Бағдарламаның негізгі функциялары - көшелердегі көлік ағындарын мониторингілеу, Панфилов көшесіндегі жаяу жүргіншілердің өтімділігін есептеу және ақылы автотұрақтарда бос орындарды белгілеу. Зияткерлік көлік жүйесін әзірлеушілер мамыр айында іске қосуды жоспарлап отыр, қазір соған орай қажетті жабдықтар сатып алынуда. Айта кететін жайт, бұл жоба »Смарт сити» тұжырымдамасының бір негізі болып табылады.

«Алматы қаласы үшін 2018 жылы іске асырылатын, ұмытпасам, сегіз немесе тоғыз жобадан тұратын ауқымды тізбе анықталды. Мен меңзеген кейбір жобалар пилоттық нұсқада іске асырылатын болады, кейбір жобаларды қазірдің өзінде өнеркәсіптік пайдалануға толық іске қосқымыз келеді. Бұл көбінесе жобаның қаншалықты көлемді екеніне байланысты«, - деді »Алматыны дамыту орталығы» АҚ цифрландыру кеңсесінің басшысы Руслан Мамұнов.

Тағы бір ірі жоба - »Электронды ПИК«. Оны іске асыру келесі жылға жоспарланған, қазір бағдарлама жұмыс істейтін жүйе әзірленуде. Қосымша арқылы тұрғындар кондоминиум басшыларымен сөйлесіп, тұрғын үйді тұтыну шығындарын бақылап, басқа мемлекеттік органдарға жүгіне алады.

«Қазіргі уақытта біз пилоттық жобаның жоспарын әзірледік, ол екі кезеңде өтеді, яғни тиісінше бірінші кезең, екінші кезең. Әр кезеңде біз қырыққа жуық басқару органдарын қосуды жоспарлап отырмыз, яғни, бұл ПИК  немесе ЖШС болуы мүмкін, немесе кез келген әр түрлі формада болуы мүмкін«, - деді »Электронды ПИК» жобасының Әкімшісі Бауыржан Шадаев.