19-21 желтоқсан аралығында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік басқару академиясының филиалында »Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ-ның қызметкерлерін »Жобалық менеджмент» тақырыбында оқыту өтті.
Оқу семинары жобалық менеджмент саласында Орталықтың жобалық командаларының тәжірибелік дағдылары мен құзыреттіліктерін дамыту мақсатында өткізілді.
Оқыту барысында, қызметкерлер жобалық тәсілді қолданудың теориялық және практикалық аспектілерін зерттеді, тәуекелдерді басқару, нақты қалалық жобалар бойынша жобалық құжаттар пакетін қалыптастыру бойынша ұсыныстар алды.
Жоба менеджментінің негізгі кезеңдерінің мақсаттары мен нақты түсінігін қалыптастыру мәселесіне, жоба жоспарын әзірлеу дағдыларына жобалау командасының ресурстары мен мерзімдері бойынша ерекше назар аударылды.
Семинар соңында әрбір қатысушыға курстың тыңдалғаны туралы сертификат берілді.