«Алматыны дамыту орталығы» АҚ мен Яндекс Такси арасында қол қойылған Меморандум, ресейлік сервистің өз қызметін бастауға негіз болды. Яндекс Такси қызметіне жүгінген кез келген адам, диспетчерге қоңырау шалмай-ақ, Яндекс такси мобильді қосымшасы арқылы немесе taxi.yandex.kz. сайты арқылы тапсырыс бере отырып, бос көлікті тез табуға мүмкіндік алады. Екеуі де қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді.
Қазіргі уақытта кез келген адам мобильдік қосымша арқылы таксиге тапсырыс бере алады, онда тапсырыс бойынша алдын ала немесе сайт арқылы барлық төлемақыларды жүзеге асыруға болады. Сапар құны 100 теңгеден басталады. Оған екі шақырымдық жол кіреді, ал әрбір келесі шақырым 50 теңге тұрады. Сондай-ақ, тапсырыс берілген сапарлар бойынша барлық төлемдерді алдын ала сайт қызметі арқылы немесе мобильдік қосымша арқылы жүзеге асыруға болады. Жақын арада банк картасымен төлеу функциясы іске қосылатын болады.
Сервиске 9 алматылық таксопарктен 150 көлік қосылды. Жедел тапсырыстарды клиентке жақын орналасқан жүргізушілер алады. Мұндай алгоритм көліктің 5-10 минут ішінде жылдам келуіне ықпал етеді. Машинаның қозғалысын қосымша арқылы онлайн режимде бақылап отыруға болады. Ал жүргізушінің телефоны мен машина нөмірін, сервис телефонға мәтіндік хабарлама арқылы жібереді.
Автокөліктердің жағдайын бақылап отыруды қамтамасыз ету мақсатында, жүргізушілер арнайы сервис арқылы машинаның фотосуреттерін түрлі ракурстарда түсіріп жіберіп отырады. Егер көлік тиісті күйде болса, оны желіге шығарады. Пайдаланушылар жүргізушілердің жұмысын бағалауға мүмкіндігі бар. Осылай қалыптастырылған таксистердің рейтингі тапсырыстарды бөлуге әсер етеді. Тапсырыстар, бірінші кезекте, жоғары рейтингі бар жүргізушілерге беріледі.
Жүргізушілер Яндекс таксометр бағдарламалық комплексін пайдаланады, оның көмегімен олар тапсырыстар қабылдап, сапардың құнын анықтай алады, кептелістер туралы мәлімет беріп отыратын және жүйеде өзінің рейтингісін қадағалауға мүмкіндік беретін, енгізілген навигация қызметін қолдана алады.
Яндекс Такси қызметі 2011 жылы іске қосылды. Алматыдан басқа ол Ресей, Белоруссия және Арменияның 20 қаласында жұмыс істейді. Алдағы жоспарларда — Астанада және жақын шетелдердің басқа да қалаларында іске қосылады.
Барлығы, жалпы Яндекс Такси қызметіне шамамен 600 таксопарк пен диспетчерліктен 70 мыңнан астам көлік қосылған.