Руслан Асаубаев «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары болып тағайындалды

13.04.2017

IMG 0331

Асаубаев Руслан Болатұлы  »Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Руслан Асаубаев 2005 жылы »Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірді, сондай-ақ, 2009 жылы Ұлыбританиядағы CityUniversity London ақпараттық технологиялар саласында ғылым магистрі дәрежесін алды.

ҚазҰТУ бітіргеннен кейін үрдістерді автоматтандыру және оңтайландыру бойынша коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеді.

Магистратураны аяқтағаннан кейін »Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бизнес талдау басқармасының бастығы, содан кейін »Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ақпараттық технологиялар бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

2013 жылдың қаңтарынан бастап »Нұр Отан» партиясының ақпараттық технологиялар қызметінің басшысы болып қызмет атқарды. 2013 жылдың қараша айында »Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің басшысы болып тағайындалды.

2015 жылдың күзінен бастап »Алматы қаласының 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция» МҚ-ның АТ, ТВ және қауіпсіздік бойынша директордың орынбасары ретінде қызмет атқарды.

«Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ-да Руслан Асаубаев Smart city және OpenAlmaty жобаларына жетекшілік ететін болады.