Алматы қаласының көлік және жергілікті полиция реформаларын жүзеге асыру

27.11.2018

DSC04913

Желтоқсан айында Талғар мен Қаскелеңге жүретін автобустардың жаңа бағыты ашылады. Коғамдық көліктерге «Оңай» электронды билеттендіру жүйесі орнатылып, жолақықаладағыдай 80 теңге болады. Бұл туралы көлік және жергілікті полиция реформаларына арналған блог-тур барысында Алматы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы Шыңғыс Байқадамов мәлім етті.

Жаңадан іске қосылатын №202 маршрутпен «Сайран»автовокзалы-Қаскелең қ. және № 203 маршрутпен «Саяхат»автовокзалы-Талғар қ.NEXT ГАЗель шағын автобустары жүреді.

DSC04909

Блог-тур қатысушыларына Алматыда 19 бағыт бойынша (Атлетикалық қалашық – Қазақфильм ықш.) жолға шығарылатын жаңа ірі габаритті автобустар таныстырылды. Бұл автобустар еуропалық құрамдас бөліктерден құрастырылған және 110-нан астам жолаушы сыяды. Олардың басты ерекшелігі мүгедектер үшін ыңғайлы: төмен еден, қайырмалы баспалдақ, сондай ақ мүгедектер арбасын кіргізуге арналған шанақты еңкейту жүйесі бар, енді оны салонға бекітуге болады.

 

 

 

 

 

DSC04914

DSC04930

Бұдан кейін блогерлер 2010 жылы іске қосылған Алматы қ. Көлік холдингінің диспетчерлік қызметіне барды. Бүгінде әрбір қоғамдық көлік  қозғалыс сызбасын және ереже бұзушылықтарды қадағалап отыруға мүмкіндік беретін GPS-құралдармен жабдықталған, осылайша диспетчерлер автобус пен троллейбустар қозғалысына түзету енгізе алады. Егер автобус жүргізушінің бастамасы бойынша тоқтап тұрса, бұл туралы мына телефон арқылы хабарлауға болады: +7 727 397 01 97.

Бүгінде Алматыда GPS жүйесімен жабдықталған 1560 қоғамдық көлік жүреді. Бұл ретте қоғамдық көлік қозғалысына арналған арнайы жолақтардың ұзындығы 2015 жылдан бері 3,5 есе — 110 шақырымға дейін ұлғайды, аялдамалар саны 2016 жылдан бастап 64% – 1810-ға дейін артты.

DSC04940

Веложолдардың ұзындығы 81,6 шақырымды құрайды. AlmatyBike велосипедті жалға алу жүйесінің мәліметтері бойынша, үш жыл ішінде велосипедшілер саны 63% - 7 382 адамға дейін өсті, жүріп өткен жол 1 229 666 шақырым.

Блог-турдың келесі нүктесі Алматы қ. ПД Жедел басқару орталығы (ЖБО) болды, оның міндеті қаладағы жағдайды бақылау және көшелерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін жасақтарды басқару болып табылады. Күн сайын ЖБО-ның әрбір операторы 100-ден астам хабарламаны өңдейді. Жеделдік және халықпен жұмыс сапасын жақсарту мақсатында 2 ауысымдық кесте(12 сағаттан) енгізілді, ал ауысымдағы қызметкерлер саны 14-ке дейін арттырылды.

ЖБО қабырғаларының бірінде қалалық бейнебақылау камераларынан бейнелер түсетін мониторлар орнатылған. Фото-бейнеақпарат «ЖОЛАҚ» жүйесі орнатылған автобустардан да келіп түспек, бұл қалта ұрлығын айтарлықтай азайтады.

 DSC04989

Мекеменің ішкі жұмысында да жаңашылдықтар бар – енді қылмыстық істер цифрландырылады –бұл мұрағат үшін орынды, сондай ақ  сұраныстарды адресаттау мен жауап алуға уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Сот санкциясын электронды түрде алуға болады, сот отырыстары күдіктілерді уақытша ұстау изоляторынан алып келмей-ақ бейнебайланыс арқылы өткізіледі. Жалпы алғанда, электронды формат шешім қабылдауды жеделдетіп, процеске қатысушылардың құқықтарын қорғауды жақсартты және жемқорлық тәуекелдерін азайтты.

DSC05039