27.04.2017

Бүгін »Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ, British Council (Британ Кеңесі), Алматы қаласының әкімдігімен және Қазақстан-Британ техникалық университетімен (ҚБТУ) бірлесіп »Біз Алматы» үш жылдық жобасын іске қосты. Жоба Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен жүзеге асырылады.

Жобаның басты мақсаты - қаланы »ақылды» қала ретінде дамыту. Сонымен қатар, бағдарлама қалалық процестерде қала тұрғындарының өмір сүру сапасы мен белсенділігін арттыруға, сондай-ақ, мәдениет, бизнес, инновация және урбанистика саласындағы жобаларды дамытуға бағытталған.

«Қала дамуының басты бағыты »Алматы–2020» Бағдарламасымен белгіленген. Бағдарлама басымдықтарының бірі дәл осылай аталады – »белсенді азаматтардың қаласы«. Осыған байланысты, »Біз Алматы» қала тұрғындарын қалалық мәселелерін шешуге тартуға бағытталған маңызды жоба болып табылады«, – деп Орталық Басқармасының төрайымы Жанна Төлегенова өз сөзінде атап өтті.

 MG 8323

«Біз Алматы» жобасы қоғамдық ұйымдар, билік органдары, жеке сектор және азаматтық белсенділер арасында төрт негізгі компоненттер арқылы ынтымақтастықтың жаңа нысандарын құруға бағытталған.:

  • Жергілікті билік органдарының, қоғамдық ұйымдардың және жеке сектордың өкілдері үшін форумдар ұйымдастыру арқылы диалог платформасын құру.
  • Қоғамдық ұйымдар, жергілікті билік органдары, әлеуметтік кәсіпкерлік және креативті индустрия секторы өкілдері үшін семинарлар мен халықаралық деңгейде танысу сапарларын ұйымдастыру арқылы құзыреттерді дамыту бағдарламасы
  • Жоба барысында алынған дағдылар мен білімдерді Қазақстанның басқа аймақтарындағы қоғам қайраткерлері арасында кеңейту.

Бағдарлама жоспарына сәйкес, 2017 жылдың мамыр айында ресми сайт іске қосылады, сондай-ақ, 1 мен 31 мамыр аралығында тренер ретінде құзыретті дамыту бағдарламасына  өтініштер қабылдау басталады. Қазан айында жалпы сомасы 50 000 еуро құрайтын жобаларды гранттық қолдау конкурсын іске қосу жоспарлануд, бұл - жастар үшін өз әлеуетін ашуға және қала тұрғындарының мәселелерін шешуде өзін көрсетуге мүмкіндік береді.

 MG 8320

Жанна Төлегенова өз сөзінде ұсынылған жобалар қала үшін өзекті мәселелерді шешуге көмектесетініне сенім білдірді:

1. Саябақ аумағының құрылысына авторлық қадағалауды жүзеге асыру үшін нобайлық жобалардың авторларын қолдау.

2. Қалада қоғамдық кеңістікті жобалау бойынша қалалық шеберханалар өткізу.

3. Қоғамдық кеңістіктерді, ғимараттарды, көшелерді жобалау мен абаттандыруға ҚНмЕ мен стандарттарды қайта қарауға сарапшылар мен халықтың қатысуы.

4. Өтемдік жасыл желектердің мониторингі.

5. Веложол схемасын әзірлеу.

6. Қалалық навигацияның схемасы мен дизайнын әзірлеу.

7. Бірыңғай қалалық деректер базасын қалыптастыру (ГАЖ-жүйе).

«Бізге техникалық шешімдер де қызықты. Мысалы, АКТ және сандық деректерді енгізу мәселелері бойынша заңнамадағы кедергілер мен олқылықтарды жою бойынша жұмыс тобын құру жөніндегі жобалар қызықты. Басқаша айтқанда, жұртшылықпен диалогтан басқа біз жаңа құралдарды енгізу бойынша дайын жобаларды күтеміз«, - деп атап өтті ол.

«Перспективті және мазмұнды жобаларды біз АДО-мен бірлесе отырып, қала ауқымында басқаруға дайынбыз«, - деп экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Кикимов  толықтырды.

 

 

 MG 8312

Қала тұрғындарының тұрмыс сапасы - қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі белгілерінің бірі. Өзгерістер тұрақтылығы мәселесі де маңызды болып қала береді. Қала тұрғындарының қолдауынсыз бірде-бір реформа мүмкін емес. Қала тұрғындарының қызығушылығы мен белсенді қатысуы ғана кез келген смарт-технологиялар мен реформаларды жүзеге асыруда сәтті болуын қамтамасыз ете алады.

 MG 8335