«Әкімшіні шақырыңыз!» АДО Алматы қаласы Қоғамдық тамақтану объектілерінің қонақжайлылық деңгейін зерттеді

06.12.2016

011

 

 

Алматы қаласын дамыту орталығы Алматы қаласы Қоғамдық тамақтану объектілерінің қонақжайлылық деңгейіне зерттеу жүргізді.

Зерттеу, артынан сауалнама толтырып, бал қою арқылы, »Құпия сатып алушы» әдісімен жүзеге асырылды. Бұл әдістің технологиясы келесідей: қарапайым клиенттер кейпіндегі »арнайы агенттер» — арнайы оқытылған және дайындалған »құпия сатып алушы» мейрамханаларға жүгінеді. Бұл әдіс »шынайыклиент» көзімен қоғамдық тамақтану орындарының түрлі аспектілерін талдауға және қызмет түрін жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.

«Объектілер 6 бағыт бойынша бағаланды (қарсы алу, қажеттіліктерді анықтау, байланысу және сату, жанжал және наразылықтармен жұмыс, қоштасу және жалпы ескертулер). Қорытынды баға клиентке бағдарланған 4 деңгей бойынша берілді – өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық және қанағаттанарлықсыз«, — деп түсіндірді Орталықтың Басқарма Төрайымы Жанна Төлегенова.

Алматы қаласының 106 қоғамдық тамақтану нысаны тексерілді,олар «Recommended by 28-th Winter Universiade Almaty-2017» Серіктестік бағдарламасы шеңберінде іріктеуден сәтті өтті. Айта кету керек, Серіктестік бағдарлама Алматы қаласының аумағында орналасқан қонақ үйлердің, хостелдердің, қоғамдық тамақтану объектілерінің ерікті түрде қатысуын көздейді. Бағдарлама қала әкімдігінің Универсиада, КТА, КАГИР дирекциясымен және Алматы рестораторлар альянсымен бірлесіп қолға алынған.

Жанна Төлегенова өзінің есептік баяндамасында зерттеу нәтижелері туралы айтып өтті. Қоғамдық тамақтану объектілерінің көпшілігі »Өте жақсы» және »Жақсы»деген орташа баға алды. 106 қоғамдық тамақтану объектілерінің 69-ы (немесе 65%) »Өте жақсы«, 23-і (немесе 22,6%) — »Жақсы«, 13-і (немесе 12,2%) - »Қанағаттанарлық» және тек 1-і (немесе 0,94%) - »Қанағаттанарлықсыз»деген баға алды. Осылайша, тамақтану орындарының басым бөлігі - 106-ның 93-і (немесе 87,6%) шекті деңгейден 90 балға жоғары баға алды.

«Үздік» деген баға Fine dining, 21 Casual dining, 19 кафе, 9 бар, 4 кофехана, 4 Fast food және 2 асхана санатындағы 10 нысан алды. Бұл аталған объектілерге қонақжайлылыққа, сондай-ақ, қызмет көрсету мен сервис үдерісіне қатысты кінәраттар жоқ дегенді білдіреді.

Мысалы, Fine foods санатында ең жоғары 150 баллды Dickens, Entrecote garden және Investor мейрамханалары алды; Casual dining санатында - Rumi дәмді палау орталығы, Vino da Puri, Dedas Puri. Fast food саласының үздік мейрамханасы Бродвей Бургер, үздік кафе— Leo ' s café & Terrace. Кофехана санатында 150 ұпай Rittoria meals and more, асхана санатында — Мәдени асхана иеленді.

Сонымен қатар, Casual dining санатындағы бір мекеме қанағаттанарлықсыз деген баға алды. Бұл аталған мекеме қонақтарға қызмет көрсетуге деген көзқарасты сыни түрде қайта қарап, қонақжайлылықтың сапасын арттыруы қажет деген сөз.

Мекемелердің категориялары бойынша талдау премиум санатындағы мейрамханалардың барлығы шынымен жоғары қызмет көрсету деңгейін көрсетпейтінін көрсетті, осы санаттағы 2 мейрамхана қанағаттанарлық, 6 – жақсы және 10 – тамаша деген баға алды.

Casual dining, fast casual мейрамханалары арасынан көпшілігі үздік баға алғанына қарамастан, қанағаттанарлықсыз деген баға алғандардың ішінен де көп бөлігін сы санаттағы мейрамханалар құрады. »Бұл аталған санаттағы мекемелерге, қонақтардың жағымды қабылдауын қалыптастыру үшін өз санатына сәйкес келетін, қызмет көрсетудің бірыңғай стандарттарын сақтау керектігін білдіреді«, — деп түсіндірді Ж. Төлегенова.

Кафелердің көп бөлігі өте жақсы деген баға алды. Барлық зерттелген кофеханалар немесе 100%, өте жақсы баға алды. Сонымен қатар, Fast food мекемелерінің барлығы жылдам тамақтану кәсіпорындары екеніне қарамастан, жақсы және өте жақсы деген баға алып, шекті деңгейден асып түсті. Сондай-ақ, барлық асханалар жақсы және өте жақсы деген баға алып, шекті деңгейден жоғары орналасты.