22.04.2019

«БізАлматы» жобасы шеңберінде Алматыны «ақылды қала» ретінде дамыту бойынша 6 азаматтық бастама Еуропа Одағының жалпы сомасы 30 мың еуроны құрайтын грантын иеленді. «БізАлматы» жобасын Британдық Кеңес, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ, Алматы қаласының әкімдігі және Қазақстан-Британ техникалық университеті Еуропа Одағының 430 мың еуро мөлшеріндегі қаржылық қолдауымен іске асырады.

WA f 0213

Гранттарды 2018 жылғы қарашада басталған және Алматыны әлеуметтік-экономикалық дамытуға, сондай-ақ белсенді азаматтар қаласын қалыптастыруға бағытталған «БізАлматы» жобалар байқауының жеңімпаздары иеленді. Өтінімдер 2019 жылғы 15 ақпанға дейін қабылданды.

Барлығы 122 өтінім түсті. Гранттарды беру туралы шешімді жоба серіктестері – Британдық Кеңес, Алматы қаласының әкімдігі, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ және ҚБТУ өкілдерінен құралған Іріктеу комиссиясы қабылдады.

WA f 0012

2019 жылғы «БізАлматы» жобалар байқауының жеңімпаздары:

Пластик қалдықтарын дайын өнім етіп қайта өңдейтін Rocket plastic шеберханасы
Eco-Scan мобильді қосымшасы (жұмыс атауы)
«Зағип адамдарға ыңғайлы аудан»
«Алматы оазисі»
Cityzen Playground (3:0 микроклубы)
Ботаникалық бақтағы қалалық ферма

 

Жобалар төрт өлшем бойынша бағаланды:

  1. Жобаның қала/қалалық қоғамдастық(тар) үшін қажеттілігі мен маңыздылығына айқын негіздеме беру, соның ішінде бенефициарлар мен негізгі мүдделі тұлғаларды айқындау;
  2. Жеке және/немесе қолданыстағы ресурстарды тарта отырып, бюджеттің ауқымында қол жеткізуге болатын және нақты міндеттермен қисынды құрылған әрі ұғынықты жұмыс жоспары;
  3. Жұмыс жоспарымен және серіктестермен жақсы байланысқан ақылға қонымды әрі үнемді бюджет;
  4. Жобаны кеңейтуге арналған әлеует пен грант барысында және ол аяқталғаннан кейін жобаның тұрақты дамуын көздейтін бизнес-жоспар;

WA f 0015

Әдия Қарсыбек, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ аға урбанист сәулетшісі: «БізАлматы» жобасы» – бұл қаламыздың азаматтық қоғамды дамыту саласында жетекші орында екенінің айқын мысалы. Жоба жұмыс істеген екі жыл ішінде азаматтарды, қарапайым алматылықтарды қаланы дамыту ісіне тарту бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Өз қызметіміздің шеңберінде біз әрқашан Алматы тұрғындарының пікірі мен қажеттіліктерін ескеруге тырысамыз, ал байқаудың бүгінгі қатысушылары – қаланың бірінші кезекте немқұрайлы емес тұрғындардың арқасында дамып келе жатқанының дәлелі. «БізАлматы» жобалар байқауының барлық қатысушыларына алғыс білдіремін, сіздердің жобаларыңыз қаланы мейірімдірек етеді».

WA f 0031

«БізАлматы» жобалар байқауы екінші жыл өткізіліп келеді. 2018-2019 жылдары байқауға 131 өтінім түсті, оның ішінде 4 жоба жалпы сомасы 20 мың еуроны құрайтын грант иеленді.