Алматы қаласы әкімдігінің «OpenAlmaty» қоғамдық қабылдау бөлмесіне Красноярск қаласынан журналистер келді

06.06.2018

DSC07679

Алматы халықаралық әуежайы »Ангара» сібір Авиакомпаниясымен тасымалданған, ресейлік Красноярск қаласынан алғашқы рейсті қабылдады. Енді бұл аптасына екі рет тасымалдап отыратын, тұрақты рейс болады. Красноярск-Алматы бағытындағы жаңа тұрақты әуе бағытын ашу Алматы туризмін дамытуға серпін береді.

DSC07600

Красноярск делегациясы сапарының бағдарламасына «Open Almaty» да кірді. Басқарма төрағасының орынбасары - «Open Almaty» Орталығының жетекшісі Жанна Асанова орталықтың негізгі қызметі туралы айтып берді:

«Open Almaty» Қоғамдық қабылдау бөлмесі 2017 жылдың қыркүйек айында ашылды. Біздің миссиямыз - кедергісіз орта құру, мемлекеттік органдардың халыққа есеп беруге міндеттілігі, қала тұрғындарының тұрмыстық мәселелерін шешу.  Оpen-almaty.kz сайтында »Өмірлік жағдайлар» атты бөлім бар, кез келген адам онда баланы бір мектептен екінші мектепке ауыстыру, үй салу кезінде су жүргізу және тағы да басқа мәселелерге қатысты ақпараттар таба алады. Қоғамдық қабылдау бөлмесі үш бағыт бойынша жұмыс істейді: қала тұрғындарын қабылдайтын фронт-офис, электрондық өтініштерге арналған open-almaty.kz порталы және 1308-қысқа нөмірлі кол-орталығы.  Бұл өте ыңғайлы, яғни адам үйден шықпай-ақ, интернет желісі арқылы алыстан кеңес ала алады«.

DSC07616

Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысы жөнінде, Красноярск қаласының ТВК телеарнасының тілшісі Алена Крашенинникова мынадай пікір білдірді:

«Сіздің қалаңыз - үлкен, серпінді, мәдени мегаполис. Маған Сіздердің ғимараттарыңыз, сәулет ұнайды. Маған «Open Almaty» туралы айтқанда, мен тәнті болдым. Біздің қалада ондай жоқ, жобасы қала тұрғындары үшін өте ыңғайлы етіп жасалған. Сіздерге өркендей беріңіз дегім келеді, және де байсалдылық тілеймін, өйткені адамдарға қызмет ету өте қиын жұмыс.»

Мәлімет: «Open Almaty» жобасы ТМД және ЕАЭО қалаларының »Тұрғың келетін қала - 2017» қалалық практикаларының Х Халықаралық байқау-конкурсының жеңімпазы атанып, дипломын иеленуге лайықты.

DSC07664