«OpenAlmaty» Орталығына Гонконг сауда-саттығын дамыту Кеңесінің өкілдері келді

23.02.2018

DSC03630

Алматы қаласы әкімдігінің «OpenAlmaty» Қоғамдық қабылдау Бөлмесіне Гонконг сауда-саттығын дамыту Кеңесінің өкілдері, атап айтқанда, Реймонд Ип атқарушы директоры және Еуропа бойынша аймақтық менеджер Кевин Хо келді.

Кездесу барысында, Басқарма төрағасының орынбасары - «Open Almaty» орталығының басшысы Жанна Асанова орталықтың негізгі қызметі, қызмет көрсететін мемлекеттік органдар туралы айтып берді.

«Опен Алматы жобасы - жас, біз қыркүйек айында ашылдық. Кез келген азамат қоғамдық қабылдау бөлмесінде фронт офис, онлайн және колл-орталық арқылы кеңес ала алады. Біз, сондай-ақ, мәселелік жағдайлар туындаған кезде бизнеске де консультациялық және құқықтық көмек көрсетеміз, қажет болған жағдайда кәсіпкерлердің өтініштері тиісті мемлекеттік билік органдарына қарау үшін жіберіледі«, - деп атап өтті Ж. Асанова.

DSC03602

«Жоба қызықты, бұл тұрғындар үшін өте жақсы қызмет, бір терезе сервисі. Гонконгта бұл функцияны Сауда-саттық Кеңесі атқарады. Бұл шетелдік кәсіпкерлер үшін серіктестер табуға жақсы мүмкіндік және біз одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз. Біз Қазақстанды, Гонконг елі де қатысатын, »Бір белдеу, бір жол» жобасында өте маңызды серіктес ретінде қарастырамыз. Біз Алматы қаласының инфрақұрылымдық жобасын дамыту жолында ынтымақтасып, Қытайдан инвесторлар тарттыра аламыз«, - деді Гонконг сауда-саттығын дамыту жөніндегі Кеңестің атқарушы директоры Реймонд Ип.

Анықтама: «Open Almaty» жобасы Словенияда өткен »Любляна Форум - 2017» байқауында үздік деп танылып, Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері арасында »Қалалардың болашағы» номинациясында екінші орынға ие болды.

Сонымен қатар, 2017 жылдың желтоқсан айында Open Almaty жобасы »Өмір сүргің келетін қала-2017» атты ТМД және ЕАЭО қалаларының қалалық практикаларының X Халықаралық байқау-конкурсының жеңімпазы дипломына ие болды.