14.08.2018

DSC02063

Алматыға Ресейден, Қырғызстаннан және Қазақстанның кейбір аудандарынан блогерлер қаланың мәдениетімен, тарихымен танысуға сапар шекті. Блогерлердің Алматыға келуі туризм саласының дамуына түрткі болады.

Сапар барысында делегация Open Almaty-ға кіріп шықты. Басқарма Төрағасының Орынбасары - Open Almaty Орталығының Басқарушысы Жанна Асанова Орталықтың негізгі қызметі туралы айтып берді:

 «Open Almaty қоғамдық қабылдау бөлмесі 2017 жылдың қыркүйек айында ашылды, жуырда бізге бір жыл толады. Мақсаты – тосқауылсыз орта құру, мемлекеттік органдардың халыққа есеп беруге міндеттілігі, қала тұрғындарының күнделікті мәселелерін шешу. Қоғамдық қабылдау бөлмесі үш бағыт бойынша қызмет көрсетеді: қала тұрғындарын қабылдауға арналған фронт-офис, электрондық өтініштерге арналған open-almaty.kz  порталы және 1308-қысқа нөмірлі Call-орталығы. Сонымен қатар, бізде тұрғындардың мәселелерін шешуге жәрдем беретін кәсіби медиаторлар бар, олардың қызметі тегін. Және де, ата-ана балабақшаға кезекке қоюға balabaqsha.kz порталы арқылы өтініш бере алады. Ата-ана бүкіл қала бойынша балабақшадағы бос орындарды көре алады. Бұл анық және ыңғайлы.»

Қоғамдық қабылдау бөлмесінен кейін блогерлерге Алматыны сандық жүйеге көшіру туралы презентация ұсынылды.

 «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ қаланы дамытуда үлкен қызмет етуде, тұрғындардың лебізіне құлақ асып отырады. Сандық жүйеге көшу тұжырымдамасының негізгі бағыттары транспорт, білім беру, денсаулық сақтау, ТКШ саласына бағдар алған», - деп, сандық жүйеге көшіру кеңсесінің жетекшісі Виталий Кальсин ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, урбанистика Орталығының бас сәулетшісі Әдия Қарсыбек жобалар туралы шолу жасады. Презентация барысында ол Алматы қаласының қоғамдық кеңістігінің жақсарғанын көрнекі түрде жеткізді: 2017 жылдың ішінде 60 км астам жаяу жүргінші орталары, 617 мың м2 тротуарлар, 442 спорттық және балалар алаңы салынды. Мысалға, Панфилов көшесі мен Астана алаңының жаяужолы секілді, қала кеңістігі объектілерінің «ДЕЙІНГІ» және «КЕЙІНГІ» фотолары көрсетілді. 2017 жылдың басында өткізілген үш күндік шеберхана барысында, қала тұрғындары саябақты қайта құру жобаларының 23 тұжырымдамасын жүзеге асырды, одан кейін 8 саябақ бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, ал қалған 15-інің жобасы өңделу үстінде.

Қонақтар тақырыпқа қызығушылық танытты, және презентациядан кейін мамандар барлық қажетті сұрақтарға жауап берді. Жалпы алғанда, іс-шара позитивтік көңіл-күйде өтті, енді тек қонақтардың блогтарын бақылап, олардың алған әсерлерін білу ғана қалды.

DSC02208

DSC02257