Қарағанды облысының мемлекеттік қызметкерлері Алматы қаласы әкімдігінің «OpenAlmaty» қоғамдық қабылдау бөлмесінде тәжірибе алмасу мақсатында болды. Делегация құрамында қала әкімдерінің орынбасарлары, басқарма, Жастар ресурстық орталықтарының басшылары болды.
«Open Almaty» қала тұрғындарына арналған қоғамдық қабылдау бөлмесі - бұл, мемлекеттік органдардың тиімділігін, анықтылығын және есеп беру міндеттілігін арттыруда маңызды құрал болып табылатын, Алматы әкімдігінің жобасы. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің әрбір келушісі әкімдік басқармаларының, прокуратураның, Ішкі істер департаментінің, Мемлекеттік кірістер департаментінің, Төтенше жағдайлар Департаментінің, »Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ, »Кәсіби медиаторлар» ҚБ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес ала алады және өз өтініштерін қалдыра алады.
Кездесу барысында, «OpenAlmaty» қоғамдық қабылдау бөлмесінің жетекшісі Нұрлан Жайлаубай Орталықтың негізгі қызметі, мұнда көрсетілетін қызмет түрлері, іске қосылған мемлекеттік органдар туралы айтып кетті.
«Халықтың өтініштері фронт-кеңседе қабылданады, бұл ыңғайлы кеңседе әкімдік басқармалары, ішкі істер Департаменті, Мемлекеттік кірістер, Төтенше жағдайлар істері бойынша, прокуратура, ХҚКО өкілдері қабылдайды. Кеңсе жайлы, балалар алаңы бар, бізге - балалармен бірге келуге болады. Біз »жалғыз терезе »қағидаты бойынша қызмет көрсетеміз, яғни, адам бір жерден бірден бірнеше мәселені шешуге мүмкіндігі бар, саты бойынша қаланы аралап кетпейді. Жолға уақыт жұмсаудың, ғимараттарға рұқсаттама алудың және де басқалардың қажеті жоқ. Сондай-ақ, қабылдау бөлмесіне 1308 телефоны арқылы хабарласуға болады, www.open-almaty.kz. порталы арқылы онлайн жазып, кеңес алуға болады«, - деп атап өтті Н. Жайлаубай.
Мемлекеттік қызметкерлер жобаға қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.
Анықтамалық:
«Open Almaty» жобасы Словенияда өткен »Любляна Форум - 2017» байқауында үздік деп танылып, Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері арасында »Қалалардың болашағы» номинациясы бойынша екінші орынға ие болды.
«Любляна Форум-2017» - бұл қала басшыларын, өңірлік ынтымақтастық Кеңесін, Еуропалық комиссия мен Еуропалық Парламентті, Еуропалық инвестициялық банкті, үкімет өкілдерін, өнеркәсіп өкілдерін және т.б. біріктіретін жыл сайынғы форум. 200-ден астам қатысушылар үшін қалаларды тұрақты дамыту саласындағы білім мен тәжірибені біріктіру басты қарқын болды.
Сонымен қатар, 2017 жылдың желтоқсан айында Open Almaty жобасы »Өмір сүргің келетін қала-2017» атты ТМД және ЕАЭО қалаларының қалалық практикаларының X Халықаралық байқау – конкурсының жеңімпазы дипломына ие болды.
Байқау комиссиясының қарауына ұйымдастырушылық шешімдердің сапасы мен нәтижелілігі, алынған әлеуметтік және экономикалық тиімділік, сондай-ақ, тәжірибені басқа қалаларға тираждау мүмкіндігі сияқты белгілер бойынша бағаланған барлығы 220-дан астам тәжірибе келіп түсті.
Байқау қорытындысы бойынша, дипломмен белгіленген жобалар, »Қалалық тәжірибе кітапханалары» бірыңғай дерекқорында орналастырылады, онда жалпықалалық мәселелердің үздік шешімдерінің мысалдары, қажетті ілеспе нормативтік-құқықтық құжаттар тізімі және басқа да материалдар қамтылады.