Мемелекеттік қызмет істері бойынша Департаменттің ведомствоаралық жұмыс тобы 9-шы тамыз күні Алматы қаласы әкімдігінің аппаратында кезекті отырысын өткізді.
Іс-шара барысында мемлекеттік органдар тарапынан мүгедек адамдарға көрсетіліп жатқан қызмет сапасы мен мүгедек адамдарды қорғау саласындағы мәселелер көтерілді. Кресло-арба, сурдотифлотехникалық және протезді-ортопедиялық жабдықтар және т.б. беру арқылы көмек көрсетіледі. Бұл мүгедек адамдарды қорғау саласындағы қызметтің маңызды мәселесі, өйткені жағымсыз лебіздер әлі күнге дейін орын алуда, көбіне халыққа қызмет көрсету орталықтарында, қоғамдық орындарда және т.б. жерлерде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға жағдай жасалмағанын меңзеледі.
Талқылауға «Алматы қаласын дамыту орталығының» қызметкері Бахытжанов Ғаділжан қатысты. «Мәжілісте әлеуметтік маңызды топқа, дәлірек айтқанда, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы халықтың осал топтарына көңіл бөлінді, соның ішінде, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды сурдо-техникалық жабдықтармен қамту мәселесі қозғалды. Мен, бұл өте өзекті мәселе деп есептеймін. Сонымен қатар, қазіргі таңда қала ішінде өзекті және талап етілген мәселелердің бірі болып табылатын, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған кіреберіс және көліктұрақ мәселесі қарастырылды. Жұмыспен қамту басқармасы мәжілісте қамтыған, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп орындауға және жоюға келетін кемшіліктер де табылды»,-бизнес-процестер саралау тобының бас аналитигі белгілеп өтті.
Жалпы алғанда, арнайы жабдықтармен қамту бойынша қызметтің позитивті өсімі байқалады. Тек осы жылдың алғашқы жарты жылдығында протезді-ортопедиялық және гигиеналық жабдықтар 2016 жылдың барлық кезеңімен салыстырғанда көп мөлшерде таратылды, ал кресло-арбалар 2017 жылдың нормасына жетті. Қаңтар айынан бері 16 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген, сол себепті, отырыс қорытындысы бойынша, мемлекеттік қызмет саласын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар жасалды. Мысалға, мүгедек адамдарды арнай жабдықтармен қамту мәселесіне қатысты ХҚКО қызметкерлерін оқыту бойынша құжаттарды рәсімдеуді оңтайландыруға қатысты жұмыстар жүргізіледі, сондай-ақ, Инва-такси қызметтерін мүгедек адамдардың қажетсінуіне талдау жасап, қажетінше оның санын арттыруға барлық шара қолданылатын болады.