05.03.2018

ТурБренд Алматы

«Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ (бұдан әрі - Орталық), 18.03.2017 ж. № 462 авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы Куәлік (ИС 007636) негізінде Орталыққа тиесілі Алматының туристік брендіне (Алматының туристік символы) авторлық құқықтардың иегері болып табылатыны туралы хабарлайды.

Анықтама: Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы №6-1 »Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңына сәйкес авторға немесе өзге де құқық иеленушіге осы туындыны кез келген нысанда және кез келген тәсілмен пайдалану құқығы (айрықша) тиесілі.

«Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Орталықтың материалдық емес активтеріне уақытша беру Ережесін бекітті. Ережемен Алматының туристік брендіне айрықша емес мүліктік құқықтарды беру тәртібі мен шарттары бекітілді.

Алматы қаласының туристік брендін пайдалану құқығын алу үшін жеке немесе заңды тұлғалар:

1. барлық қажетті құжаттарды қоса бере отырып, құқықтарды уақытша пайдалануға беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім беру;

2. конкурсқа қатысу үшін Біржолғы төлем төлеу. Брендті пайдалану тарифтері Ережелерде көрсетілген.;

Анықтама: ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес автор немесе өзге де құқық иеленуші туындыны пайдаланудың әрбір түрі үшін сыйақы алуға құқылы, оның мөлшері мен есептеу тәртібі авторлық шартпен белгіленеді.

1. Конкурстық комиссия Өтінімді қарайды және Туристік брендті пайдалану құқығын беру үшін конкурстың Жеңімпазы туралы шешім шығарады;

2. Конкурс жеңімпазы »Алматы қаласын дамыту орталығы»АҚ-мен авторлық шарт жасасады. Ережелермен толығырақ сілтеме арқылы танысуға болады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес авторлық құқықты саласында Алматы қаласының Туристік брендінпайдалануға ниет білдіргендер, айрықша емес мүліктік құқықтарды уақытша беру туралы уақытша келісімшарт жасасуы қажет. Алматы қаласының Туристік брендін пайдалану бойынша барлық сұрақтар бойынша мына телефондар арқылы хабарласуға болады+7 727 313 29 89 (ішкі.117), урбанистика Орталығы.