Алматыда Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен Алматы әкімдігі, Британдық Кеңес және Қазақстан-Британ техникалық университеті ұйымдастырған »Біз Алматы» жалпы қалалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. 5 мың еуролық грантты Жанар Сәмбетова (Көгалдандыру мектебі), Рахым Айбек (Tazalyk), Вероника Насальская және Вячеслав Истюфеев (Қалалық саунд-арт зертханасы), Әсия Төлесова (»Әр ілмегін сүйіспеншілікпен» ЖК), Сергей Васильев (Экологиялық қоғамдастықты дамыту және Алматы қаласының Қарасу ы/а »ақылды» қоғамдық кеңістікті құру) иемденді.
«Біз жыл сайын 5 гранттан бөліп отыратын боламыз, сондықтан биыл іріктеуден өтпеген қатысушылар келесі жылы өз күштерін тағы мәрте сынай алады. Гранттық бағдарламаның мақсаты – Алматының тұрақты дамуына бағытталған әлеуметтік-экономикалық жобаларды әзірлеу үдерісіне қала тұрғындарын тарту«, - деп атап өтті елші, Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің Басшысы Траян Христа.
Байқауға барлығы 131 жоба қатысты, ең үздіктері ұзақ мерзімді тиімділік, шындыққа барынша жақындық, бюджетке мөлшерлес қағидаттары бойынша анықталды. Бөлінген қаражат аталған жобаларды іске асыруға арналған. ЕО, »Біз Алматы» байқауының аясында, таяу жылдары бөлуді жоспарлап отырған қаржыландырудың жалпы сомасы 430 мың еуроны құрайды.
Алматы қаласының Мастер-жоспарын әзірлеуге арналған IV Форум барысында, сондай-ақ, мемлекеттік құрылымдар мен қала тұрғындары арасында диалог құрылды, оның барысында Мастер-жоспар-қаланың жаңа құрылымдық-функционалдық моделі шеңберінде қала дамуының жалпы көрінісін жасауға мүмкіндік туды. Форум қатысушылары қаланы, халықтың әртүрлі топтарына, соның ішінде, кішкентай баласын арбамен жетелеген аналарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, велосипедшілерге, қарт адамдарға және студенттерге ыңғайлы және қолжетімді етіп ұйымдастырға қатысты өз ұсыныстарын берді.
«Біз Алматы» жобасы бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадам» ұлт Жоспарымен тығыз байланысты, өйткені 97 қадам »азаматтардың өзін-өзі реттеу және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы шешімдер қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуді» көздейді.