«Алматы қаласын дамыту Орталығының» қызметкерлері Moscow Urban Forum 2018 форумына қатысты.

26.07.2018

N6HItFQdeBAJxBk8XYr6ZANU8HBu2ViQ3GUnme98

Үлкен қалада тұру үнемі көптеген сауалдар мен мәселелер туындауымен ерекшеленеді. Қала қызметтерін қолдану, цифрлық технологиялар, азаматтар мен туристерге арналған инфрақұрылымның қолайлылығы, тұрғындардың психикалық тұрғыдағы денсаулығына қамқорлық ету және басқа да маңызды міндеттер. Дәл осындай тақырыптарды, 2018 жылдың шілде айының 17-сі мен 22-сі аралығында өткен Мәскеулік урбанистикалық форумға қатысқан «Алматы қаласын дамыту орталығының» қызметкерлері қозғады.

Биылғы жылдың тақырыбы »Ұрпақтарды байланыстыра отырып» атты ұранымен жарияланды. Бір жағынан, бұл жерде өткеннің инфрақұрылымын қайта ойластыру және архитектуралық мұраларды өзектендіру орын алды, ал екінші жағынан белсенді қарт адамдар үшін де, сондай-ақ, жас қала тұрғындарының »цифрлық ұрпағы» үшін де, қаланы жайлы әрі қызықты ету туралы диалог құрылды.

2018 07 24 1532427383

Осылайша, РФ президенті Владимир Путин құттықтау сөзінде: »Болашақ қалаларды дамыту кілттері – техносфера мен табиғаттың келісімімен, қала ішінде кез келген адам өзін жайлы және бірыңғай қалалық қоғамдастықтың бір бөлігі ретінде сезінуі мақсатында азаматтар үшін зор мүмкіндіктер жасау болып табылады«, - деп атап өтті. Мемлекет басшысы Мәскеуді осы заманғы мегаполистерді дамыту стандарттарына сәйкес келетін қала ортасының сапасы мен жайлылығы бойынша жаңа сән үлгілерін шығарушы ретінде көрсетті.

iaSthLHlmHhIEey0ARsqJHXDcqQwnHFHakn5XXAk

«Инфрақұрылымды дамыту бойынша өзінің басты чемпионатын Мәскеу жеңіп алды. Қазіргі заманғы мегаполистерді дамытудың басты трендтерінің бірі - ақпараттандыру және цифрландыру болып табылады. Мәскеу Үкіметі, ең алдымен, IT-компаниялардың табысты жұмыс істеуіне, осы салада білікті мамандарды дайындауға жағдай жасайды. Екіншіден, олардың өнімдерін барынша белсенді енгізуде, олардың өнімдерін, қалалық өмірдің барлық бағыттары бойынша электрондық сервистерді енгізуде«, - деп атап өтті ел астанасының әкімі Сергей Собянин.

VID 20180718 170045 Moment

Moscow Urban Forum-ы ірі қалалар алдында тұрған сын-тегеуріндерге жауап беретін үлкен зертханаға айналды. Өткен форум қаланы дамыту барысында пайдасы тиетін мазмұнды қорытындылар мен практикалық ұсыныстарды тұжырымдауға көмектесуі тиіс. »Алматы қаласын дамыту орталығының» сәулетшісі Әдия Қарсыбек өзінің шабыттарымен бөлісті: »Біз қаланың, пайда болған сын-қатерлерге, жиі өзгеріске ұшырап жатқан әлеуметтік-экономикалық жағдайлар мен жаңа технологиялық ландшафтқа қалай жауап беретіндігін талқыладық, алдағы онжылдықта мегаполистерді дамытудың стратегиялық мәселелер тізімі қарастырылды. Мұндай диалогта біз әрбір қаланың, соның ішінде Алматы қаласының қаралатын мәселелер тізіміне біріктіретін маңызды аспектілерін белгілеп кеттік»

Форум туралы, сілтеме арқылы толығырақ  білуге болады по ссылке

Видео