Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары Айдос Нұрлыбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде білім беру жүйесінің жұмысы туралы айтып берді.
Спикердің айтуынша, Медеу ауданының білім беру жүйесі жалпы контингенті 30 378 оқушыны құрайтын 28 мемлекеттік және 19 жекеменшік мектептерден тұрады. Дегенмен, оқушы орындарының тапшылығы байқалады, бұл 4 мыңнан астам орын.
«Дегенмен, оқушы орындарының тапшылығы байқалады. Ол 4 мыңнан астам, әсіресе, жақсы көрсеткіштері бар №12, 35, 56, 131, 159 мектептер орналасқан аудан орталығында сезіледі, онда бүгінгі таңда көп пәтерлі үйлер қарқынды салынуда», - деп санайды А. Нұрлыбаев.
Осыған байланысты, 2020 жылы №172 мектеп-гимназиясында 850 орынды қосалқы ғимарат пайдалануға берілді. Алатау шағын аудандағы №7 мектептің сейсмикалық күшейтілуімен күрделі жөндеу аяқталды.
Сондай-ақ, №48 мектеп ғимараты мен №131 лицейге күрделі жөндеу жүргізілуде. Соңғы 2 жылда жеке инвесторлар есебінен 10-ға жуық жеке мектеп салынып, пайдалануға берілді. Осы жобалардың барлығын іске асыру ауданның орталық бөлігінде оқушы орындарының тапшылығын 30%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.
«Оқушы орындарының тапшылығын төмендету үшін жобалық қуаты 600 орынды №4 мектеп, 900 орынды №161 мектеп және жобалық қуаты 600 орынды №35 гимназия ғимараттарына қосымша құрылыстар салу мәселесі пысықталуда», - деп жалғастырды Медеу ауданы әкімінің орынбасары.
Сонымен қатар, ол 20 тамыздан бастап жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясы басталғанын атап өтті. Жоба аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 400 бала, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мектеп формасы мен кеңсе тауарларын алды.
Мектепке дейінгі білім беруге келетін болсақ, ауданда балабақшаларға қажеттілік бар. Ауданның мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісі 18 балабақша мен 82 жекеменшік балабақшадан тұрады. Тәрбиеленушілердің жалпы саны 6440 бала.
ӨКҚ спикерінің хабарлауынша, әрбір балабақшада жобалық қуаттылықты 50 орынға ұлғайта отырып, №141, №114, 116 балабақшаларда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, егер 2021 жылы жеке инвесторлар есебінен жалпы жобалық қуаты 306 орынды 6 балабақша ашылса, осы жылдың басынан бастап жалпы жобалық қуаты 367 орынды 7 балабақша ашылды. Жоғарыда көрсетілген проблемалар жоспарлы түрде ғимараттар мен жер учаскелерін жеке меншік иелерінен салу немесе сатып алу жолымен шешілетін болады.
«Халық тығыздығының жоғары болуына және бос жер учаскелерінің болмауына байланысты Медеу ауданындағы әлеуметтік инфрақұрылымның жай-күйі өзекті мәселе болып табылады. Медициналық қызметтермен қадамдық қолжетімділікте Кенсай, Көлсай, Сұлусай ш/а қамтылмаған. 8 мыңнан астам тұрғындар 10 км жерде орналасқан №5 клиникалық аурухана жанындағы емханаға және №2 емханаға жүгінеді. 100 келушіге арналған жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория ашу үшін Кеңсай тұрғындары үшін ғимарат сатып алынды, қаражат бөлінді. Ғимаратты жөндеу жыл соңына дейін жүзеге асырылады», - деп түйіндеді А. Нұрлыбаев.
Дереккөз: https://rsk.almaty.kz/news/1687