Алматы қаласын дамыту орталығы қаланың орналастыру нысандарын »Құпия сатып алушы» әдісімен тексерді.
Объектілер 6 бағыт бойынша бағаланды (қарсы алу, қажеттіліктерді анықтау, байланысу және сату, жанжал және наразылықтармен жұмыс, қоштасу және жалпы ескертулер). Қорытынды баға клиентке бағдарланған 4 деңгей бойынша берілді – өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық және қанағаттанарлықсыз«, — деп түсіндірді орталықтың Басқарма төрайымы Жанна Төлегенова.
«Recommended by 28-th Winter Universiade Almaty-2017» Серіктестік бағдарламасы аясында іріктеуден сәтті өткен Алматы қаласының 84 орналастыру орны тексерілді. Айта кету керек, Серіктестік бағдарлама Алматы қаласының аумағында орналасқан қонақ үйлердің, хостелдердің, қоғамдық тамақтану объектілерінің ерікті түрде қатысуын көздейді. Бағдарлама, қала әкімдігі Универсиада, КТА, КАГИР дирекциясымен және Алматы рестораторлар альянсымен бірлесіп қолға алынған.
Жанна Төлегенова өзінің есептік баяндамасында зерттеу нәтижелері туралы айтты. Оның мәліметтері бойынша, 84 орналастыру объектілерінің 29-ы (немесе 35%) »Өте жақсы«, 35-і (немесе 42%) »Жақсы«, 20-ы (немесе 23%) »Қанағаттанарлық»деген баға алды. Айта кету керек, орналастыру нысандары арасында қанағаттанарлықсыз деген баға алған объектілер жоқ. Бұдан 83 орналастыру объектілерінің 63-інің (немесе 77%) басым бөлігі Сервистің сапасын да шекті деңгейден 90 балл жоғары көрсетті.
«Үздік» бағасы 5 * санаттағы 1 объектіге, 4* санаттағы 5 объектіге, 3* санаттағы 12 объектіге, санаты жоқ 1 объектіге берілді. »Өте жақсы» бағасы 10 хостелге де берілді, онда қонақжайлылық деңгейі наразылық тудырмайды және 5 жұлдызды отельмен бір деңгейде тұр. Бұл Best-3, Хостел ДОМ, Hello Hostel және т.б.«, — деп атап өтті Ж. Төлегенова.
Орналастыру орындарының арасында »Жақсы» деген бағамен 4* санаттағы 7 объект, 3* санаттағы 4 объект, 11 объект – санатсыз, 13 хостел белгіленді. Бұл дегеніміз, бұл объектілерге қажеттіліктерді анықтау кезеңін, сондай-ақ қоштасу кезеңін пысықтау қажет.
Жалпы зерттеу көрсеткендей, 5* санаттағы қонақ үй, қонақтарға қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына сәйкестігін дәлелдеп, жақсы баға алды. 4* барлық қонақ үйлер, қызмет көрсетудің бірдей жоғары деңгейін көрсеткен жоқ, бұл олардың мәлімделген деңгейі мен санаттарға сәйкестігіне күмән тудырады. Осы санаттағы 4 қонақ үй қанағаттанарлық деген бағаға ие болды. Сонымен қатар 3 * Қонақ үйлер жағымды жақтарын көрсетті. Осы санаттағы 3 нысан қанағаттанарлық деген бағаға ие болды, қалған 16 нысан шекті деңгейден 90 балл жоғары көрсетті.
Тәжірибе және рейтинг көрсетіп отырғандай, 3 * санаты бар кейбір қонақ үйлер 4 * қонақ үйге қарағанда қызмет көрсету деңгейі бойынша әлдеқайда жақсы.
Санаты жоқ қонақ үйлердің көбісі қанағаттанарлық деген баға алған тізімде. 7 нысан шекті деңгейден төмен болып шықты,11 нысан жақсы деген және тек 1 нысан ғана үздік деген баға алды. Бұл нысандар, бірінші кезекте, қызмет көрсету сапасына назар аударғандары жөн.
Хостелдер, қанағаттанарлық және өте жақсы рейтингілері арасында тең бөлінді. 10 хостел өте жақсы деген баға алды. Бұл, тіпті, төмен деңгейде жабдықталған және арзан қонақ үйлерде қызмет көрсету сапасы жоғары болуы мүмкін екенін көрсетеді.
Бұдан әрі, Жанна Төлегенованың айтуынша, мұндай зерттеулер жүйелі түрде жүргізілетін болады. »Бұл Қазақстанның клиенттеріне бағытталған қалаларының бірі ретіндегі қала позициясын сақтауға және жақсартуға мүмкіндік береді«, —деп түсіндірді ол.