Кәсіпкерлер бизнесті ашу немесе кеңейтуде қаржыландыру үшін «Almaty Finance»-қа жүгіне алады

19.01.2021

ӨКҚ брифингінде «Almaty Finance» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Заңғар Сәлімбаев алматылық кәсіпкерлерді қолдау шараларын белсенді түрде пайдалануға шақырды.

«Almaty Business 2025» бағдарламасы аясында жасалған құралдар бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға, қаржыландырудың қолжетімділігін арттыруға, әкімшілік кедергілерді азайтуға, кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. «Almaty Finance» ұйымы 8 млрд тг астам сомаға 42 жобаны мақұлдады, жүзден астам жұмыс орны құрылды.

«Almaty Finance» қарызы (займы) қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырғаны немесе өтінімді қарағаны үшін жасырын комиссияларды көздемейді. Несие тек теңгемен, жеті жылға дейінгі мерзімге беріледі. Айналым қаражатын толықтыруға қарыз мерзімі 36 айға дейін., инвестициялық мақсаттарға 84 айға дейін.

Екі сыйақы мөлшерлемесі әрекет етеді: 2% — максималды қарыз сомасы 70 млн тг болатын өнеркәсіптік паркте бизнесті іске асыратындар үшін; және 6% — бизнестің қалған бағыттары үшін 500 млн тг дейінгі несиелеу лимитімен.

«Ісін жаңа бастаған немесе жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлердің барлығы қаржыландыру үшін «Almaty Finance«-қа жүгіне алады. Басты шарттардың бірі – жоба төлемге қабілетті, іске асырылатын болуы тиіс, — деп атап өтті ол. — Жаңа мүмкіндіктер мен мемлекет тарапынан бизнеске көрсетіліп жатқан белсенді қолдау аясында мегаполис кәсіпкерлерін «Almaty Business 2025» бағдарламасы аясында ұсынылып отырған мүмкіндіктерді пайдалануға шақырамын. Егер оқу қажеттілігі болса немесе бизнес-жоспарды дайындауға көмек қажет болса, «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығына шақырамыз».

Бүгінде несие желілері 6,8 млрд тг сомасына 26 жобаны қаржыландыру үшін ашық. Қаржы қаражаты мыңнан астам түрлі, соның ішінде COVID-19-ға зерттеулер жүргізуге қабілетті жаңа зертхана ашуға, кофе дәндерін қуыру бойынша цех құруға, тігін цехын іске қосуға, жиһаз және жиһаз фурнитурасын, металдан жасалған бұйымдарды, гигиеналық құралдарды, ортопедиялық матрастар өндіруге, 200 орындық жалпы білім беретін мектеп салуға, IT-индустрия саласындағы жобаларға: электрондық төлемдер мен процессингтік қызметтерді ұйымдастыруға, үш компонентті интеграцияланған жүйені құруға және т. б. бағытталған.