«Алматы қаласындағы жаяу жүргіншілер көшелерін қайта жаңарту» кездесу қорытындысы

14.12.2017

DSC 8469

 

9 желтоқсанда »Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ-ның ұйымдастыруымен »Алматы қаласындағы жаяу жүргіншілер көшелерін қайта құру»тақырыбында іскерлік таңғы ас өтті. Кездесуге Алматы қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Алмасхан Ахметжанов, Британдық Кеңес директорының орынбасары Роуэн Кеннеди,урбанистика орталығының басшысы Наталья Ливинская, сондай-ақ шақыруға үн қатқан ШОБ өкілдері қатысты. Іс-шара барысында, жаяу жүргінші көшелерінің жоспары мен дамуы талқыланды, сондай-ақ мүдделі кәсіпкерлерден ұсыныстар жасалды.

Презентация УАиГ Улицы 2018 30112017 1 Страница 04

2018 жылы келесі көшелерді қайта жаңарту жоспарлануда:

1. Абай даңғылы (Достық даңғылынан Есентай өзеніне дейін),

2. Желтоқсан ( Абай даңғылы мен Сәтпаев көшесінің арасын)

3. Абылай хан даңғылы (Алматы 2 т/ж вокзалынан Абай даңғылына дейін)

4. Әйтеке би (Наурызбай батыр көшесінен Қонаев көшесіне дейін)

5. Достық даңғылы (Қазыбек би көшесінен Абай даңғылына дейін)

6. Жамбыл к-сі (Достық даңғылынан Наурызбай батыр к-сіне дейін)

7. Төле би к-сі (Қалдаяқов к-сінен Есентай өзеніне дейін) )

8. Меңдіқұлов бульвары (от. Әл-Фараби даңғылынан Х. Мұқан көшесіне д.)

9. Фурманов к-сі (от. Райымбек даңғылынан Абай даңғылына дейін)

10. Бөгенбай батыр к-сі (к.Алматы өзенінен Наурызбай батыр к-сіне дейін)

11. Қонаев к-сі (от. Райымбек даңғылынан Абай даңғылына дейін)

12. Қазыбек би (- дан.Достық даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейін)

13. Есентай өзенінің жағалауы (Абай даңғылынан Төле би көшесіне дейін)

14. Гоголь к-сі (Қалдаяқов к-сінен Орталық мәдениет және демалыс саябағына дейін)

15. к.Алматы өзенінің жағалауы (Республика сарайынан Гоголь көшесіне дейін))

16. Жібек Жолы к-сі (- дан. Желтоқсан көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін)

17. Байсеитова к-сі ( Қабанбай батырдан Төле би к-сіне дейін)

DSC 8450

Өз сөзінде »Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ-ның урбанистика орталығының басшысы Наталья Ливинская қоғамның әртүрлі топтары арасында диалог құру және Алматы қаласының көшелерін қайта жаңарту саласындағы жобаларды дамыту үшін ұсыныстар жинау маңыздылығын атап өтті.

«Қоғамдық кеңістік көлік тұрағына айналу емес, адамдар емін-еркін жүру үшін жасалады. Саябақ аймақтары, саяжолдар, жасылдандыру және ағаштардың көптеп болуы. Мысалы, Абай көшесінде бас арық бар, ол көп ешкім байқай бермейтін біздің кереметіміз. Ол жерді халықты еліктіру орталығына айналдыруға болады. Сеулде үлгісі бар. Олар трассаның орнында ағып жатқан шағын өзеннің пайда болуына мүмкіндік беріп, туризм орталығына айналған қоғамдық кеңістік жасады. Барлық әлеуетті жобалаушылардың алдына осы жерлерде адам өзін үйдегідей сезінетіндей  ыңғайлы болуы керек деген міндет қойылды. Шағын сәулет нысандарын орналастыруға болатын жаңа алаңдарды қалыптастыру бойынша ұсыныстарды күтеміз«, - деп атап өтті Алматы қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Алмасхан Ахметжанов.

Кездесу барысында, түрлі сұрақтар қойылды, соның ішінде қала тұрғындары мен бизнес өкілдерін қайта құру процесіне тарту. Айта кету керек, қаланың жаяу жүргінші көшелерінің сыртқы келбетін анықтау кезінде, жобалау сатысында, ұсыныстары мен кеңестерімен бөлісу мақсатында, қайта құру мәселелерін қозғауға мүдделі бизнес өкілдерін  тарту жоспарланып отыр.

Сондай–ақ, дауыс беру және тұрғындармен талқылау арқылы шағын сәулет нысандарын, мүсіндер мен арт-нысандарды таңдау  жоспарлануда.

Қала тұрғындары осы көшелерде не пайда болатынын және көлік тұрақтары мәселесі қалай шешілетіндігі жөнінде сұрады.

«Панфилов көшесіндегідей түбегейлі өзгерістер енгізу жоспарда жоқ. Алайда, әрбір көшенің өзінің бірегей есте қаларлық сәулеті мен тартымдылығы болады. Өз кезегінде жаңа көшелердің құрылымы автокөлік қозғалысын да, жаяу жүргіншілер аймағын да орналастыруға мүмкіндік береді. Барлық көшелердегі көлік қоятын орындар сақталады, бірақ  олардың санын азайтамыз, ақылы тұрақтар орнатамыз. Негізгі идея қала орталығындағы автокөліктердің санын азайту, бірақ біз 600 және одан да көп орынға арналған үлкен көлік тұрағын салу мүмкіндігін қарастырамыз. Біз адамдарға арналған қоғамдық кеңістік құруды қалаймыз және бизнес адамдарды осы жерлерге тартыу нысанына айналғанын қалаймыз» – деп жауап берді Алмасхан Ахметжанов.

кез келген адамды толғандыратын қоғамдық дәретханаларды орнату мәселесі де талқыланды. Жоба бойынша дәретханаларды орнату қарастырылған және алдағы уақытта олар орнатылатын болады.

Көптеген қала тұрғындарын тротуарлық бөлікке шығатын террасаға байланысты жағдайлар толғандырды және оны қайта құру мәселесі қозғала ма? »Бәрі де нақты жобаға байланысты болады. Қазір біз қаланың сәулет ортасының дизайнын әзірлеп жатырмыз, онда көшелер мен қасбеттерді жайғастырудың барлық құрамдастары регламенттелетін болады. Олар 2018 жылы жарияланып, бәріне де қолжетімді болады, онда әркім өз ғимаратын көре алады және оның терезелері, балкондары, элементтері қандай болуы керек екенін көре алады. Әрбір үйдің құжаты болуы керек«, - деді Ахметжанов.

Естеріңізге сала кетейік, кездесу Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің қолдауымен, »Біз Алматы» жобасы аясында Британ Кеңесінің қатысуымен өтті.

Алматы қаласын дамыту орталығы осындай кездесулерді тұрақты негізде өткізуді жоспарлап отыр.

DSC 8459