III сайланымдағы Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті

16.05.2022

III сайланымдағы Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті. Отырыс барысында «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңына сәйкес Қоғамдық кеңес қызметінің құрылымына қатысты ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Қоғамдық кеңестің төрайымы болып Көбеева Алтынай Орманқалиқызы сайланды. Алтынай Көбеева –  азаматтық секторда 25 жылдан астам қызмет атқарып келе жатқан, бірнеше үкіметтік емес ұйымды басқарған, қаланың дамуына атсалысып жүрген азаматшалардың бірі. Осымен қатар Қоғамдық кеңестің бірінші және екінші шақырылымының мүшесі және хатшысы болған. Бұл ұйымның жұмысы мен ерекшеліктерін біледі. Қазіргі таңда «Ақпараттық-ресурстық орталық» Қоғамдық қорының басшысы.

Сондай-ақ Қоғамдық кеңестің 5 комиссиясының құрылымы бекітіліп, комиссия басшылары сайланды.

⮚ Коммуналдық инфрақұрылым, ұтқырлық, экология, қаржы, активтер және қауіпсіздік жөніндегі комиссия – төрағасы Жапаров Борис Аликенұлы.

⮚ Құрылыс, жер қатынастары, урбанистика, энергетика және сумен жабдықтау жөніндегі комиссия – төрағасы Шибутов Марат Максумұлы.

⮚ Қоғамдық даму, мәдениет, спорт және жастар жөніндегі комиссия – төрағасы Камалов Бахтияр Камалұлы.

⮚ Экономика, кәсіпкерлік, инвестициялар, цифрландыру, туризм жөніндегі комиссия – төрағасы Қапасов Думан Жандосұлы.

⮚ Денсаулық сақтау, білім беру және жұмыспен қамту жөніндегі комиссия - төрайымы Қасымжанова Жанат Кәкімсейітқызы.

Сонымен қатар, Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің Төралқасы сайланды, оның құрамына Қоғамдық кеңестің төрағасы, Мәслихат хатшысы және комиссиялардың басшылары енді.

Айта кетейік, отырыс Almaty.tv YouTube арнасында және Мәслихатының YouTube, Aitube арналарында тікелей эфирде көрсетілді.

Естеріңізге сала кетейік, Мәслихаттың кезектен тыс XIX сессиясында Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің құрамы бекітілді. Сайлауға 200-ге жуық адам қатысты.

Жалпы, III шақырылымдағы Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы 60% - дан астамға жаңарды. Жаңа құрамның сапалық талдауы келесідей: Қоғамдық кеңес мүшелерінің орташа жасы 11 жасқа жасарды, яғни 47 жасқа дейін. Бұрынғы шақырылыммен салыстырғанда жастар саны 5,1-ден 25,7% - ға дейін, ал әйелдердің үлесі 33,3% - ға дейін өсті. Жалпы, кеңестің негізі ҮЕҰ мен БАҚ өкілдерінен тұрады, олардың саны кеңес мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамын құрады, сондай-ақ білім беру саласы өкілдерінің үлесі артты. Бұдан басқа, Қоғамдық кеңестің жаңа құрамына көп балалы аналар мен қандастар енді.

Жаңартылған құрамға барлығы 39 адам кірді, олардың 36-сы азаматтық қоғам өкілдері. Заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар өкілдері мүшелерінің саны 1/3 құрауы мүмкін, бұл ретте азаматтық сектор мен жұртшылық өкілдері үшін квотаны 36 адамға д

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.