Алматы қаласын дамыту орталығына сапар барысында, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Мемлекеттік қызметтер регламентімен қамтылмаған, бірсарынды емес өмірлік жағдайларды шешу бойынша OpenAlmaty қоғамдық қабылдау бөлмесі таныстырылды. OpenAlmaty ашылған сәтінен бастап, жеті ай ішінде 18 000-нан астам өтініш келіп түскен, олардың 78%-ы сол жерде жедел шешімін тапқан.
2017 жылдың қыркүйек айынан бастап, азаматтардың өтініштерінің 80%-ы «Open Almaty» Қоғамдық қабылдау бөлмесінде өңделеді. Open Almaty жобасының ХҚКО-нан түбегейлі айырмашылығы - ол халыққа үйреншікті емес өмірлік жағдайларды шешуге мүмкіндік береді. Қоғамдық қабылдау бөлмесіне жүгінген, Алматы тұрғыны, ыстық су есептегішін ауыстыру мәселесін жедел шеше алады немесе мысалы, баланы балабақшаға кезекке сол жерден-ақ тіркей алады. Осындай қызметтер бойынша Мемлекеттік стандарттар, әдетте, жоқ немесе белгіленген нормаларға сәйкес келмейді. Бүгінде, қала тұрғындарының өмір сүру жағдайларын шешудің 700 алгоритмі әзірленді, олардың барлығы Open Almaty сайтында орналастырылған. «Open Almaty» жобасының құрамдас бөліктері арқылы келіп түскен өтініштерді тіркеу олардың орындалу уақытылығы мен сапасын бақылауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, халықтан жиі түсетін шағымдардың себептерін талдауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда, Опен Алматы порталында саябақтарды, гүлбақтарын, аула алаңдарын абаттандыру, арық желілерін қайта жаңарту, көше жарықтарын жөндеу, көше жарықтарын орнату, газдандыру, жолдарды күрделі жөндеу, жер асты өткелдерін, тротуарларды қайта жаңарту, жолдарды орташа жөндеу, жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерін салу, жолдарды салу және қайта жаңарту, көлік айрықтарын салу, веложолдар орнату, аялдама пункттерін орнату, балабақшалар, тұрғын үйлер салу, мектептер салу және қайта жаңарту, сумен жабдықтау және газдандыру объектілерінің құрылысы бойынша қалалық басқарманың жұмысына қатысты Жоспарлау Картасы жарияланған.
«Open Almaty«-да Алматы қаласы әкімдігі басқармасының мамандары, жобаға іссапармен жіберілген Алматы қаласы прокуратурасының, ІІД, ТЖД, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаменті, ХҚКО, медиаторлар, Алматы жылу жүйесі ЖШС, ШЖҚ бар МҚК »Алматысу» өкілдері қабылдайды. Сонымен қатар, аптасына бір рет заң мәселелері бойынша кеңесшінің қабылдауы ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысына азық-түліктерге тапсырыс беру және авиабилеттерді сатып алуға мүмкіндік беретін интернет-гипермаркет, бүкіл әлем бойынша интернетке қосылуға болатын Wi-Fi роутер және тауарларды жеткізушілер мен тұтынушылар арасындағы тауар айналымы үшін алаң болып табылатын - Chocofamily, Nommi, SmartSatu сияқты жетекші стартап жобалары таныстырылды.
Мемлекет басшысы қазіргі уақытта »Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыруға көп көңіл бөлінетінін атап өтті.
»Әр минстрліктен бұл мәселемен айналысуға арнайы адамдар бөлінді, және де арнайы министр, вице-министр тағайындалды. Біз әлемде болып жатқан өзгерістерден қалыс қалмауымыз керек. Цифрландыру есебінен әсіресе, өндірістік компанияларда біз еңбек өнімділігін тез көтереміз деп үміттенемін«, - деді ҚР Президенті.