Ержан Бабақұмаров жеке медициналық ұйымдардың бас дәрігерлерімен медициналық қызметтің сапасы мен вакцинация қарқынын талқылады

11.08.2021

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы Н. Табынбаевтың, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ж. Бекшиннің, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы филиалының басшысы Т. Әбілдаевтің және жеке медициналық мекемелердің бас дәрігерлерімен онлайн-форматта кеңес өткізді.

Кеңесте қала тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы мен жекеменшік медициналық ұйымдарға бекітілген тұрғындарды вакциналау қарқыны талқыланды.

Бүгінде Алматыда АМСК-тың 35 жеке жеткізушісі бар. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында жүргізілген қызметтің талдау нәтижелері бойынша жеке медициналық-санитарлық көмек көрсететіндердің жұмысына қатысты түскен шағымдар 3,5 есеге артқан. ӘМСҚ атап өткендей, жеке медициналық ұйымдар, тіркелген халықтың аздығына қарамастан, шағымдардың үлесі жоғары. Осыған байланысты, медициналық қызмет көрсету сапасының нашарлауын болдырмау үшін медициналық қызметтерді тұтынушылардың шағымдарының негізділігін растау үшін материалдар Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментіне жіберіледі.

Қазіргі уақытта 22 жеке медициналық-санитарлық көмек көрсетуші өз өндірістік базасында вакцинация жүргізеді, қалғандары егу бөлмелерін ашу бойынша жұмыс жүргізуде. Вакциналаудың оң көрсеткіштері Алматы теміржол ауруханасы, Open Medical Chanel ЖШС, Керуен-Медикус, »Архимедес» ЖШС жұмысында байқалды. «№55 емханасы» ЖШС, «Сұңқар II емханасы» ЖШС, «Med Lab express» ЖШС және басқалары вакцинация қарқынын тездетуі қажет. Айта кетсек, «Ассистанс Меди Сервис» ЖШС кеңсе ашудан бас тарту туралы хабарлама жіберді және ӘМСҚ-пен келісімді бұзды, «АМИТРУД ДАРИГА» ЖШС-де олардың негізінде вакциналау кабинетін ашу бойынша жұмыс жасамайды.

Әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров вакцинация қарқыны коронавирустық инфекцияның таралу жылдамдығынан және жұқтырғандар санының өсуінен артта қалатынын, бұл қаланың денсаулық сақтау жүйесіне жалпы жүктемені арттыратынын атап өтті. Медициналық қызмет көрсетушілердің қолданыстағы құзыреті аясында шарттық міндеттемелерді орындауын бақылау бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

«Бүгінде Алматыда вакциналау қарқынының деңгейі тәулігіне 8,5 мың. Сонымен қатар, инфекцияның жаңа жағдайларын тіркеу жалғасуда. Емдеуге жатқызу деректері 700 жағдайдан асады. Қала тұрғындарының өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету үшін COVID-19-ға қарсы вакцинациямен қамтуды кеңейту үшін бірлесе жұмыс жасау қажет. Коронавирустың басқа респираторлық инфекциялармен қабаттасуын болдырмау үшін ұжымдық иммунитетті қалыптастыру әсіресе ЖРВИ және тұмау маусымының алдында маңызды», - деді Ержан Бабақұмаров.

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі