Алматы қаласының жер қатынастары Басқармасының сарапшылары қала тұрғындарын Open Almaty-да қабылдады
Алматы қаласы әкімдігінің Қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындардың Алматы қаласы жер қатынастары Басқармасының қызметкерлерімен кездесуі өтті.
Алматы қаласы Алатау ауданы Ұлжан ы/а тұрғыны Бақыт Қазбекова өзінің жеке үйі орналасқан жер учаскесін заңдастыру мәселесімен жүгінді. Азаматша Қазбекованың жері 2013 жылы қысқа мерзімді өтеулі пайдалану құқығымен берілгені анықталды. Тиісті шешімді Жер комиссиясы учаскенің қызыл сызықта, су қорғау аймағына жақын орналасуына қатысты қабылдаған.
Бүгінгі күні тұрғын үй құрылысын (үй) аз.Қазбекова қазірдің өзінде заңдастырып алды, бірақ 6,5 сотық алаңды құрайтын жер учаскесі әлі де уақытша жалға беру құзырында. Бұл қожайындарға үлкен қолайсыздық тудырады.
«Алдымен бізге 2 жылға, содан кейін 5 жылға жалға алу құқығын берді. Енді жалға беруді ұзарту үшін тағы да қырғын құжаттар жинау қажет«, - дейді қарт тұрғын.
Өтінішті тыңдап, Алматы қаласы жер қатынастары Басқармасының бас маманы Гаухар Жолдасбаева аз.Қазбековаға жалға алу келісім-шарт мерзімін ұзартуға қатысты өтініш жазуға кеңес берді.
«Сізде тұрақсыздық төлемі бар, 2018 жылдың жалдау ақысын төлемегеніңіз үшін өсімпұл шығып тұр, соны төлеу керек. Содан соң Жер комиссиясына тағы да өтініш жазу қажет. Заңдастыру рәсімі осындай. Себебі, Жер комиссиясы 2017 жылы сізге келісім-шарт мерзімін ұзартуға оң шешім берген, бірақ сіз оның мерзімін жіберіп алдыңыз. Ол тек 6 ай бойы жарамды болады. Сіз уақытында жүгінбегеніңізге байланысты, сізге қайтадан өтініш беру қажет. Құрылыс нормалары бойынша су қорғау зоналарына жататын жерлерден учаске беруге тыйым салынған, тек қана ай сайын төлеп отырып, жалға алуға ғана мүмкіндік бар екенін түсініңіз. Егер меншік иесі жер учаскесін тағайындау бойынша пайдаланса, ешқандай заң бұзушылық болмаса, Бас жоспарға сәйкес үй заңды түрде салынса, онда Комиссияның оң шешіммен қорытындылайды«, - деп жауап берді Гаухар Жолдасбаева.
Айта кетерлік жайт, Алатау ауданындағы тұрғын үй құрылысының жерлері үй құрылысы қожайындарымен өз бетінше иеленіп алынған. Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы қысқа мерзімді (5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болуы мүмкін. Уақытша өтеулі жер пайдаланушы (жалға алушы) құқылы:
1) ауыл шаруашылығы және өзге де дақылдар мен екпелер себу мен отырғызуға, өндiрiлген ауыл шаруашылығы өнiмi мен жер учаскесiн пайдалану нәтижесiнде алынған өзге де өнiмге және оны өткiзуден түскен табысқа;
2) жер учаскесiн оның нысанасынан туындайтын мақсатта пайдалана отырып, жерде дербес шаруашылық жүргiзуге;;
3) өз шаруашылығының мұқтажы үшiн жер учаскесiнде немесе өзіне тиесілі жер учаскелеріндегі жер қойнауында бар кең таралған пайдалы қазбаларды, екпелердi, жерүстi және жерасты суларын кейiннен мәмiлелер жасау ниетiнсіз, белгiленген тәртiппен пайдалану, сондай-ақ жердiң өзге де пайдалы қасиеттерiн пайдалануға;
4) жер учаскесi мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығарылған жағдайда келтiрiлген шығынды толық көлемiнде өтетiп алуға;
5) жердi аймақтарға бөлудi ескере отырып, меншiк, шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару құқығымен жер учаскесiнiң нысаналы мақсатына сәйкестiкте тұрғын үйлер, өндiрiстiк, тұрмыстық және өзге де үйлер (құрылыстар, ғимараттар) салуға;
6) ббелгiленген құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнаулы талаптарға сәйкес суландыру, құрғату және өзге де мелиорациялық жұмыстар жүргiзу, тоғандар мен өзге де су айдындарын жасауға.
Мемлекеттен ұзақ мерзімді жер пайдалануға жерді жалға алу құқығын иемденген азаматтардың жер пайдалану құқығын сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға, сондай-ақ учаскелерді жалға немесе уақытша өтеусіз пайдалануға беруге құқығы бар. Жер пайдаланушының өзіне тиесілі үйді уақытша пайдалануға беруі сол мерзімге және сол жер учаскесін уақытша пайдалануға тапсыруы керек. Жалға алынған учаскені мұрагерлікке қалдырып отыруға да болады.
Алайда, егер учаске уақытша қысқа мерзімді жер пайдалану құқығына (5 жылға дейін) тиесілі болса, онда жер пайдалану құқығын сатуға, сыйға беруге, айырбастауға, сондай-ақ мұндай жер учаскелерін жалға беруге рұқсат етілмейді. Сондай-ақ бұл шаруа (фермер) қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша жер пайдалану құқығымен берілген жер учаскелеріне жатады (бірақ бұл учаскелерді кепілге ресімдеуге болады). Әртүрлі мәмілелерді жасауға тыйым салу сондай-ақ қорғаныс, орман қоры мұқтаждары үшін берілген жалпы пайдаланудағы жерлерге, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге, қызметтік жер телімдеріне, су қорының жер учаскелеріне де қатысты (ҚР ЖК 33-бабына сәйкес).
Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, өз міндеттерін тиісінше орындаған жалға алушының шарт мерзімі аяқталғаннан кейін жаңа мерзімге шарт жасасуға құқығы бар. Бұл жағдайда, Жалға алушы шартта көрсетілген мерзімде жаңа шарт жасасу ниеті туралы Жалға берушіні жазбаша хабардар етуге міндетті; егер шартта мұндай мерзім көрсетілмесе, онда шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін үш ай мерзімді құрайды.