Мереке және жазғы демалыс қарсаңында Алматы қаласының көптеген тұрғындары мен қала қонақтарынан демалыс күндерін қайда және қалай өткізуге болады деген сұрақтар туындап жатады. Бұл сұраққа Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар Басқармасының Visit Almaty туристік ақпараттық орталығының сарапшылары жауап берді.
6 мамыр күні «Open Almaty» Қоғамдық қабылдау бөлмесінің алаңында өткен Ашық есік күніне орай дөңгелек үстел барысында Алматы мен оның маңайындағы жаңа туристік бағыттарды дамыту, сапалы туристік өнімдер мен сүйікті қаланы ілгерілету тетіктерін құру мәселелері талқыланды.
«Таяу болашақта, көпшілігіңізді Аlmaty Pass алғашқы бірыңғай туристік картасымен таныстырамыз. Жоба, туристерге арналған ең қызықты жерлер кіретін, жүйе болып табылады. Шын мәнінде, бұл саяхат құны төленіп қойған, төлем картасы. Біз оны пайдалануды барынша жеңілдеттік, жеңілдіктердің икемді жүйесін қарастырдық, нарықта қолданыстағы турөнімдерді толығымен қамтуға тырыстық. Бастапқыда карта тек шетелдік туристерге арнап шығарылады«, - деп Visit Almaty ТАО-ның өкілдері атап өтті.
Аlexhunter.asia.kz туристік жобасының иесі Александр Гегерис бұл идеяны құптап қана қоймай, бірқатар ұсыныстар ұсынды. Оның компаниясы қазақстандық туриндустрияда 12 жыл бойы жұмыс істеп келеді және Іле Алатауы, Тянь-Шань, Алтай, Гималай мен Альпі тауларында жаяу және велотурларды, тау жорықтарын ұйымдастыруға мамандандырылған.
«Бізге шетелдік туристермен байланыс орнату керек. Almaty Pass картасына нарықтың барлық ойыншыларын - ірі танымал компаниялар немесе кәсібін енді бастап жатқан гид-нұсқаушылар болсын барлығын қосу қажет. Бұл өнім кез келген қалта үшін қолжетімді және ыңғайлы болу керек, себебі Алматыға тек іскер қонақтар ғана емес, ТМД елдерінен тау шыңдарының әуесқойлары да келеді«, - деп атап өтті Александр Гегерис.
Іс-шараға шақырылған қатысушылар тізіміне туристік нарық ойыншылары, туроператорлар мен кеңесшілер кірді.