Е. Бабақұмаров: Алматыда КВИ-ға қарсы іс-қимылдың тиімді моделі құрылды

07.10.2021

Өткен жылдан бастап Алматыда коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты денсаулық сақтау саласындағы тәсілдер толығымен қайта қаралды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында мегаполис әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров айтты.

Алматы әкімі орынбасарының айтуынша, қалада жедел жәрдемнің ауруханаға жатқызудағы жалғыз «көмекшісі» ретіндегі рөлін өзгертуге; қалада дерт жұқтырғандардың ауырлығы мен эпидемия қарқынына қарай төсек-орындарды басқару үшін инфекциялық стационарлардың жұмысы үш эшелонға бөлінді.

«Алматыда МСАК жұмысы қайта жасақталды, онда 364 мобильді бригада құрылды және учаскелік дәрігерлердің әлеуеті күшейтілді, емханаларға қосымша 70 машина берілді. Өткен жылы құрылған Телемедицина орталығы арқылы пациенттерді үйде емдеуге бақылау жасалды», - деді Е. Бабақұмаров.

Әкім орынбасарының айтуынша, Алматыда өлім-жітіммен күресу үшін қаланың штаттан тыс бас реаниматологы бастаған бірыңғай реанимациялық топ жұмыс істеуде, ол қаланың барлық реанимацияларының жұмысына жетекшілік етеді.

Бұдан өзге, қалада тәуліктік қуаты 16 000 зерттеуге дейінгі 28 ПТР-зертхананың орталықтандырылған желісі (және 27 мыңға дейін ұлғайту мүмкіндігі бар), 14 ИФТ-зертхана жұмыс істейді. Сондай-ақ Алматыда 28 КТ-орталықтан тұратын жалпықалалық желісі құрылды.

Бұдан басқа, қаржы дәрілік заттар мен ЖҚҚ резервін құруға, жаппай вакциналауды ұйымдастыру үшін тартылатын мамандардың еңбегіне ақы төлеуге, медицина қызметкерлеріне COVID-19 эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін үстемеақы төлеуге, Анестезиология және реаниматология орталығының жұмыс істеуіне және т. б. бағытталған.

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі