05.07.2018

DSC00367

3 шілде күні Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty  Қоғамдық қабылдау бөлмесінің негізінде Жоғарғы Соттың соттан тыс шешу институттарын дамыту жөніндегі басым жобаларының бірін іске асыру шеңберінде Алматы қалалық сотының »Соттан тыс татуласу орталығы» ашылды.

Ашылу рәсіміне Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов қатысты, ол: »Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауында ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев дауларды соттан тыс реттеу институттары – қалпына келтіру сот төрелігін дамыта беруді міндеттеді. Орталықты құру концепциясы азаматтарға кеңес беруден, дау санатын анықтаудан, медиаторды таңдаудан, татуластыру рәсімдерін жүргізуден келісім жасалғанға дейін өзара байланысты қызметтер көрсетуді көздейді«,- деп атап өтті.

Орталықтың ашылғандағы мақсаты, қала тұрғындары арасындағы дауларды бейбіт түрде реттеуді дәріптеу, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және олардың материалдық және моральдық шығындарын азайту болып табылады.

Open Almaty, Алматының кез келген тұрғыны кез келген өмір жағдаяттарының шешімін таба алатын, қала билігіне халықтың сенімін қалыптастыратын ашық алаң болып табылады. Онда »Соттан тыс татуласу орталығы» пайда болғаннан бастап, алматылықтар үшін шешуге келетін жағдайлардың ауқымы айтарлықтай артады, өйткені енді OpenAlmaty-да медиаторлар, заңгерлер, психологтар мен адвокаттар үнемі отыратын болады. Мұнда тегін кеңес алуға, дау санатын анықтауға, медиатор таңдауға және арнайы бөлінген залда татуластыру процедураларын жүргізуге, келісім жасауға болады.

DSC00419