2016 жылдың 19 тамызында »Алматы қаласын дамыту Орталығы» АҚ мен «Eco-PARK Company» ЖШС арасында меморандумға қол қойылды, оның шеңберінде Eco-PARK Company Алматы қаласын IoT - Internet of Things Тұжырымдамасын дамытудың жалғасы болып табылатын Long Range (LoRaWAN хаттамасы) технологиясы бойынша іске асырылған деректермен қамтамасыз ететін сымсыз телекоммуникациялық желісімен қамтамасыз етеді.
Бұл желіде есептеу құралдары, трекерлер, су датчиктері, түтіндеу, шептің қиылысуы, топырақтың ылғалдылығы және т. б. сияқты әртүрлі датчиктерден берілетін деректер тестіленетін болады.
Алдағы уақытта мұндай телекоммуникациялық желіні Алматы қаласының коммуналдық кәсіпорындарының, сондай-ақ қаланың барлық мүдделі кәсіпорындары мен ұйымдарының мұқтаждықтары үшін пайдалануға болады.
Әкімшілік, шаруашылық, тұрғын үй, қоғамдық және коммерциялық қызметтің әртүрлі қалалық объектілері енгізілетін ақпараттық-коммуникациялық желі жүйесі »Ақылды қала» тұжырымдамасының негізгі ережелерінің бірі болып табылады. Оның мақсаты қала шаруашылығының деңгейін арттыру болып табылады. Қазірдің өзінде бұл тұжырымдама көптеген елдерде қалалық инфрақұрылымдардың тиімділігіне ықпал етуде.
Өз кезегінде, негізіне »Ақылды қала» тұжырымдамасының негізгі қағидалары кіретін «SmartAlmaty«, Алматы қаласын дамыту орталығының басым жобаларының бірі болып табылады. Дәл осы жобаның көмегімен Алматы қаласы инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, оның ішінде қаланы сымсыз телекоммуникациялық желімен қамту мәселелерін шешу жоспарлануда.