Алматы қаласын дамыту орталығы және InDriver ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

24.01.2017

id

24 қаңтарда Универсиада қарсаңында, InDriver жолаушылар тасымалының онлайн-қызметі және »Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

inDriver - жолаушылар, жүк, қалааралық тасымалдаудың халықаралық интернет-агрегаторы. Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Мьянманың 70-тен астам қаласында жұмыс істейді. Сервис көлікке арналған шығындарды бақылау және ұйымдастыру үшін тиімді құрал ұсынады. inDriver »жолаушы бағасын өзі тағайындайды» бірегей жүйесін ұсынған бірінші сервис болды.

Миллиондаған қазақстандықтардың өмірін жеңілдеткен қызмет түрі, елімізде 2014 жылы жұмысын бастады, және тасымалдау саласындағы №1 қосымша болды. inDriver, әсіресе, Қазақстанның мәдени және спорт астанасында  танымал — ондаған мың тұрғын мен Алматы қонақтары көлік шақыру бойынша күнделікті заманауи сервисті пайдаланады.

Меморандумға қол қою және Қазақстан Республикасында inDriver-дің ресми түрде болуы, сервистің ел экономикасына салық түсімдері, жаңа жұмыс орындары, қазіргі заманғы қызметтерді дамыту, салауатты бәсекелестікке ықпал ету және тасымалдау нарығында қызметтер сапасын арттыру түрінде үлесін бекітеді.

2017 жылғы қаңтардан бастап тасымалдау саласындағы үздік халықаралық жүйелер мен стандарттарға сәйкес болу үшін, қазақстандық нарықтың ерекшеліктерін ескере отырып, inDriver жолаушыларды тасымалдау қызметтерін экипажымен көлікті жалдау қағидаты бойынша ұсынады. Бұл схема халықаралық сервистердің жұмыс схемасына ұқсас. Көлік қызметтерін ұйымдастырудың өзгертілген моделі inDriver Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі № 409-1 Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім, 585-594 баптар) нормаларына сәйкес жұмыс істейді және такси қызметіне және ақпараттық-диспетчерлік қызмет көрсетуге жатпайды.

Қазіргі уақытта сервисте көлік құралын қолжетімді баға бойынша жалдау негізінде өз қызметтерін ұсынатын 12 мыңнан астам тексерілген қазақстандық жүргізуші компания өз ісін одан әрі жалғастыруда. Жүргізушілердің құжаттарын тексеру - қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру үшін жұмыстың басты бағыттарының бірі. Ол үшін, сервисте, сапарлардың толық тарихы, пайдаланушы рейтингтерін қолдау жүргізіледі, сервистің Сапа қызметі жұмыс істейді. Сондай-ақ, еңбек өтілін арттыру, қосымша құжаттар мен аттестацияны енгізу жоспарлануда. Сервис,  жүргізушілерге рейтинг бойынша қатаң талаптар қояды, бұл кемшіліктерді уақтылы анықтауға, сондай-ақ жол жүру қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жүргізушілер мен пайдаланушылардың платформаға қайта ену мүмкіндігін шектейді. Сондай-ақ, жүргізушілерге қатысты  басымдықтар мен пікірлер қалдыру жүйесі жұмыс істейді - Үздік тапсырыстарды жолаушыларға жақсы қызмет көрсететіндер алады. Бұл  қызмет сапасының өсуіне тиімдіәсер етеді.

inDriver шағын кәсіпкерліктің дамуына және демек, мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдерінің артуына ықпал етеді, өйткені қолданылатын барлық қазақстандық салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер,inDriver сервисі Қазақстан аумағында жұмыс жасауына байланысты толық көлемде төленеді. Мысалы, орташа құны 400 теңге құрайтын сапардың 1 миллион сапар есебінен шамамен алатын болсақ, inDriver Қазақстан Республикасының бюджетіне шамамен 17 миллион теңге салық төлейді.

Қала ішіндегі тасымалдау қызметінен басқа, inDriver Қазақстанда қалааралық және жүк тасымалдау және тамақ жеткізу қызметтерін дамытуда. Сонымен қатар, inDriver Қазақстан қалалары бойынша сервис географиясын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Қазақстанның барлық ірі елді мекендерінде сервистің болуы арқасында қалааралық тасымалдау бағыты белсенді дамып келеді.

 Алматы, Қазақстанның ірі қаласы ретінде, елдің  әлемдік аренадағы бетке ұстары болып табылады. Дүниежүзілік Қысқы Универсиада-2017 сияқты халықаралық оқиғалар өткізілуде, халықаралық компаниялар қызмет етуде және дамуда, қала бүкіл Қазақстан үшін жаһандық экономикаға жаңғырту және ықпалдастыру бойынша үлгі болып табылады. Осындай істің жарқын мысалы — қала билігінің АT-саласын қолдауы, соның ішінде, inDriver сияқты инновациялық стартаптарды қолдауы. Алматыны дамыту Орталығының жоғары технологиялар саласындағы компанияларменбірлесіп жұмыс атқаруы, қала тұрғындары үшін көлік қызметтерін таңдау мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік береді, сондай-ақ, әрине, инновациялар мен жалпы елдің одан әрі дамуына өз үлесін қосады.