The Ritz-Carlton Almaty қонақ үйінде Алматы қаласы әкімдігінің ресми қолдауымен IDC Smart City Forum 2017 фоумы өтті. Стратегиялық әріптес ретінде »Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ қатысты.
- Мен осы сәтті көптен күткен едім: біз бұл форумды Алматы Smart City жобасының негізгі бағыттарын анықтағаннан кейін өткізгіміз келген. Мен, бүгін біз осы әңгімені бастай алатынымызға қуаныштымын, - деді Орталық Азиядағы, Әзербайжан мен Моңғолиядағы IDC аймақтық директоры Андрей Беклемишев, форумды аша отырып.
- Біздің өмір сүріп жатқан ортамыз тез дамиды. Технологиялар өзгереді және ең үздік тәжірибе көрсетіп отырғандай, қала тұрғындарымен де, қала әкімшілігімен де талап етілетін жоба ең тұрақты жоба болып табылады. Сол себепті, »Смарт Алматы» басымдығында, бірінші кезекте, қала тұрғындарының өмір қауіпсіздігі мен жайлылығы, билік жұмысының ашықтығы мен есептілігі, сондай-ақ, мемлекеттік басқаруды жақсарту мәселелері белгіленген, - деп атап өтті Алматы қаласын дамыту орталығы басқармасының төрайымы Жанна Төлегенова. – Біздің бірінші кезектегі міндетіміз — бизнес-үдерістерді оңтайландыру, деректер базасының ашықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету және бюджеттік әкімшілендіруді жақсарту. Біріншіден, әкімдік жергілікті бюджет үшін рентабельді, бюджеттің оңтайлы шығындары кезінде қала тұрғындарының көбіне пайдалы жобаларды енгізуге дайын. Негізгі құрал мынада — тәуекелдерді әділ бөлумен қамтамасыз ететін МЖС сервистік келісімшарттары. Екіншіден, әкімдік бірдей жағдай жасай отырып, жеке бастаманы қолдайды. Үшіншіден, »Смарт Алматы» - бұл деректердің ашықтығы. Жобаларды енгізу кезіндегі модульдік тәсіл іске асырудың негізгі тәсілі болып табылады.
Панельдік сессияда IDC негізгі баяндамасымен »Ақылды қалалар» бағдарламасының директоры, вице-президент Рутби Кларк (Ruthbea Clarke) сөз сөйледі. Ол атап өткендей, технологиялар — бұл проблемаларды шешу және мақсаттарға қол жеткізу жолындағы құрал ғана, нәтижеге инвестицияны технологияларға байланыстыру қажет, эксперименттер мен пилоттар үшін сенімді серіктестер, сондай-ақ, тұрақты бизнес-модельдер үшін ұзақ мерзімді әріптестік қажет.
Іс-шара барысында »Ақылды ТКШ және қауіпсіз қала«, "Ақылды Денсаулық сақтау, білім беру, басқару және Қалалық қызметтер» және »Ақылды көлік» тақырыптары бойынша параллельді үш сессия өтті.
Руслан Мамұнов, »Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ-ғы «Smart Almaty» жобалық офисінің басқарушысы ақылды қала шеңберінде жүзеге асырылатын және қауіпсіз қозғалыс, білім беру, ТКШ, сондай-ақ, зияткерлік көлік жүйесі саласындағы процестерді автоматтандыруға және жақсартуға бағытталған жобалар туралы презентациямен сөз сөйледі. »Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ-ның SmartCity құрудағы негізгі бағыты жобаларды технологиялық сараптауды қамтамасыз ету және үйлестіру болып табылады.
Алматы қаласы әкімдігінің «OpenAlmaty» қоғамдық қабылдау бөлмесінің құрылуы мен жұмыс қағидаттары туралы «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарушы директоры Олег Сек айтып берді.
Форумға барлығы 200-ден астам мемлекеттік құрылымдар мен бизнестің өкілдері қатысты.
Анықтамалық ақпарат:
IDC (International Data Corporation) – ақпаратты, консультациялық қызметтерді жетекші жеткізуші және ақпараттық технологиялар, телекоммуникация және тұтыну техникасы нарықтарында іс-шаралар ұйымдастырушы. IDC АТ кәсіпқойларына, басшылар мен инвесторларға техниканы сатып алу және бизнес-стратегияны таңдау туралы негізделген шешімдер қабылдауға көмектеседі. 1000-нан астам IDC сарапшылары 110 елде әлемдік, өңірлік және жергілікті деңгейлерде саланың технологияларын, үрдістері мен мүмкіндіктерін зерттейді. IDC 50 жылдық білімі компанияның клиенттеріне аса маңызды міндеттерді шешуге көмектеседі. IDC - АТ-басылымдары, зерттеулер мен мамандандырылған іс-шаралар әлемдік нарығында көшбасшы IDG компаниясының еншілес кәсіпорны.