Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде қала тұрғындарын, әсіресе аға буынды COVID-19-қа қарсы вакциналануға шақырды.
Б. Сағынтаев ауру деңгейі бойынша Алматының «қызыл» аймақта екендігін еске салды. 20 сәуірде тәулік ішінде коронавирус инфекциясының 667 жағдайы тіркелді, оның 574-і симптомды және 93-і симптомсыз. Бүгінде қуаттылығы 6060 төсек-орынды құрайтын инфекциялық стационарларда 3754 науқас, оның ішінде 96 бала бар. Оның үстіне, 920 адамның жағдайы ауыр, 2834 - орташа ауыр. Реанимация мен қарқынды терапия бөлімдерінде 241 адам емделіп жатыр, ӨЖЖ аппаратында - 23, инвазивті емес ӨЖЖ аппаратында - 94, High flow аппаратында 85 науқас бар.
6021 науқас амбулаториялық ем алуда, оның ішінде жағдайы жеңіл және орташа ауыр әрі симптомды науқастар - 5301, симптомсыздары - 720.
Соңғы 7 күн ішінде ауру деңгейі 240,8-ден 243,9-ға дейін өсті, репродуктивті R саны 1,023-тен 1,031-ге дейін ұлғайды.
Сәуір айында аурудың болжамды өсімі жалғасуда, КВИ эпидемиясының даму динамикасы 3 аптаның пессимистік болжамына сәйкес келеді. 1-20 сәуір аралығында 13 002 КВИ жағдайы тіркелді.
1 жасқа дейінгі балалар арасында ауруды өршуі жалғасуда 0,5% - 1,3-тен 1,8%-ға дейін; 14 жасқа дейінгі балаларда - 1% - 9,1-ден 10,1%-ға дейін; жасөспірімдер арасында - 0,3% - 3,0-ден 3,3% -ға дейін және 60 жастан асқан азаматтар арасында 0,6% - 23,7%-дан 24,3%-ға дейін.
Қала әкімі Б. Сағынтаев денсаулық сақтау жүйесін модернизациялау мен нығайту бойынша қабылданған шаралардың арқасында медициналық мекемелердің үлкен жүктемеге ойдағыдай төтеп бергенін атап өтті. Алайда, мамандардың мәліметі бойынша пандемияның шарықтау шегі әлі өткен жоқ. Сондықтан қала тұрғындары сақтық танытып, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтауы тиіс. Бұл ретте КВИ-ден сақтанудың бір ғана жол бар, ол – ерікті вакциналану. Ол үшін Алматыда барлық жағдай жасалған, вакцина партиялары қалаға тұрақты жеткізілуде, барлық ауданда вакциналау пункттері ашылған.
Ақпаннан бастап медицина қызметкерлеріне, тәртіп сақшыларына және мұғалімдерге екпе салу басталған болатын. Алматыда халықты жаппай вакциналау 2 сәуірде басталды. 21 сәуірдегі жағдай бойынша барлығы 149 699 адамға екпе салынды, оның ішінде қалада жұмыс істейтін Алматы облысының тұрғындары да бар. 23 сәуірде вакцинаның 35 мың дозасы, 25 сәуірде 100 мыңнан астам дозасы жеткізіледі деп күтілуде.
Алматылықтарды жаппай иммундау үшін медициналық ұйымдарда – мемлекеттік емханалар мен жеке медициналық орталықтарда, мектептерде, мәдени, спорт нысандарында, базарлар мен қаланың сауда ойын-сауық орталықтарында 250 егу пунктін іске қосу жоспарланған.
Бүгінде қалада 203 егу пункті жұмыс істейді, олардың 69-ы сауда және ойын-сауық орталығында, базарларда, Қастеев атындағы мұражайда, діни ұйымдарда орналасқан. Құрамында 1827 медицина қызметкері бар 249 егу бригадасы жұмыс істейді.
Бұдан өзге мобильді топтар меншіктің барлық түріндегі кәсіпорын ұжымдарын вакциналауға барады. Алматыда 72 ірі өнеркәсіптік және өндірістік кәсіпорын шоғырланған. Қазірдің өзінде 30-дан астам компания қызметкері вакциналаудан өтті, оның ішінде Алматы облысы және басқа аймақ тұрғындарының саны 1 мыңға жуық.
Сондықтан Б. Сағынтаев кәсіпорын басшыларын өз ұжымдарын вакциналауды ұйымдастыруға шақырды. Әсіресе, бұл қызмет көрсету және сауда саласындағы компанияларға қатысты.
Алматы әкімі Б. Сағынтаев пандемия кезінде ең осал топқа жататын аға буын өкілдерінің вакциналануына назар аударды. Бүгінде КВИ-ге қарсы вакцинаны 60 жастан асқан 38 мыңнан астам қала тұрғыны алды.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі