Б. Сағынтаев: Алматының Индустриалды аймағы – өндірістік жобалардың жиынтығы

26.05.2021

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасының тікелей эфирінде Индустриалды аймақ базасында өнеркәсіптік кәсіпорындарды дамыту үшін жағдай жасау туралы айтып берді.

Бүгінгі таңда Алматының Индустриалды аймағында 100 млрд теңгенің өнімін өндіруге мүмкіндік беретін 14 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Биылғы жылдың соңына дейін 40,5 млрд теңгенің 9 жобасын іске қосу жоспарлануда. Ірі жобалардың бірі – Hyundai жеңіл автомобильдерін шығаратын зауыт болды.

Almaty Business бағдарламасы аясында Индустриалды аймақпен қатар 10 шағын өнеркәсіптік парк құрылды. Инвестициялардың жалпы сомасы – 5,3 млрд теңге, оның ішінде 2020 жылы 3 өнеркәсіптік парк іске қосылды, жыл соңына дейін 5 өнеркәсіптік паркті ашу жоспарлануда. Мұнда 1,1 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Өнеркәсіптік парктерінде тамақ, жеңіл, жиһаз және құрылыс салаларында 29 кәсіпорын іске қосылды.

Жоғары технологиялық компаниялар үшін «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы бар. Инфрақұрылым жүргізілген, қатысушыларға салықтық және кедендік жеңілдіктер ұсынылада. Қазақстанда алғашқы фармацевтикалық кластерді құру үшін 4 компания тартылды, ал инвестиция көлемі 33 млрд теңге. Сондай-ақ құрал-жабдықтар жасайтын салада құны 10,3 млрд теңге болатын 4 жоба жүзеге асырылады.

Жобаларды іске асыруда Алматының Іскерлік кеңесі ауқымды жұмыстар жүргізді, өйткені оның құрамында бизнестің адамдары бар. Кеңес жанынан 9 салалық комитет құрылған, бұларда бизнесті қолдаудың өзекті мәселелері талқыланады. Іскерлік кеңестің қатысуымен қала экономикасын қалпына келтіру және дамыту бойынша дағдарысқа қарсы шаралар әзірленген болатын.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі