Бүгін Центр развития города Алматы АҚ Almaty Air Initiative жеке қорымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

16.02.2026

Құжат Алматы қаласының Almaty Air Initiative қоры ұйымдастырған, ағымдағы жылдың қаңтар айында өткен атмосфералық ауа сапасы мен қаладағы экологиялық жағдай мәселелеріне арналған іс-шараға қатысумен қатар, Алаты дамыту орталығының қабырғасында қоғамдық және сараптамалық экологиялық қауымдастық өкілдерінің қатысуымен өткен жұмыс кездесуінің қисынды жалғасы болды.

Меморандумға қол қою тараптардың Алматы қаласында атмосфералық ауаның сапасын жақсарту және тұрақты экологиялық күн тәртібін қалыптастыру бағытындағы күш-жігерін біріктіруге бағытталған.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мыналарды қамтиды:

Мониторинг және деректер — мегаполистегі атмосфералық ауаның жай-күйі туралы деректерді бірлесіп жинау, талдау және түсіндіру;
Инновациялар — ауаны тазарту және шығарындыларды бақылау саласындағы заманауи технологиялық шешімдерді сынақтан өткізу және енгізу;
Сараптама — қаланың экологиялық тұрақтылығы бөлігінде мастер-жоспарлар мен стратегиялық даму құжаттарын әзірлеуге Қор сарапшыларын тарту;
Ақпараттық жұмыс — Алматы тұрғындары үшін таза ауа мәселелері бойынша бірлескен экологиялық форумдар, воркшоптар және ағартушылық науқандар ұйымдастыру;
Цифрландыру — техникалық мүмкіндіктер болған жағдайда Қор деректерін ЦРА жетекшілік ететін Smart City жүйелері мен «Алматының цифрлық егізі» платформасына интеграциялау;
PR-сүйемелдеу — экологиялық өмір салтын насихаттау және бірлескен бастамаларды жария ету мақсатында БАҚ-та, әлеуметтік желілерде және өзге де жария арналarda бірлескен жарияланымдарды іске асыру.

Меморандумды іске асыру аясында Қор ЦРА-ға ауаның сапасын жақсарту қарқынын жеделдету стратегиясын өтеусіз негізде сараптамалық зерделеу, талдамалық бағалау және оны қаланың даму құжаттары мен жоспарларына ықтимал интеграциялау үшін ұсынады.

ЦРА аталған әріптестікті сараптамалық және азаматтық қауымдастықпен жүйелі өзара іс-қимылды дамытудағы маңызды қадам ретінде қарастырады және Алматы қаласының қалалық ортасының сапасын арттыру мақсатында озық талдамалық әрі технологиялық тәжірибелерді дәйекті түрде қолдануға ниетті.