24 ақпан күні онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы Жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова мен Алматы қаласы Жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілермен жұмыс бөлімінің маманы Динара Бейсенова халықты жұмыспен қамтамасыз етуде атқарылып жатқан шаралар туралы айтты.
2020 жылы Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығы 34 855 адамды жұмысқа орналастырды. Олардың арасында жоғары жалақы төленетін қызметтерге орналасқандар да бар екенін айта кеткен жөн.
«Биыл Жұмыспен қамту орталығына жүгінгендердің бірі «S-Energy» ЖШС-не директор болып орналасты. Біз Альфа Банк акционерлік қоғамына тағы бір адамды жетекші маман ретінде орналастырдық. Мұндай лауазымдардағы жалақы шамамен 400 мыңнан 700 мыңға дейін», - дейді Динара Бейсенова.
Сондай-ақ жұмысқа орналасу туралы сұрақтарға жауап бере отырып, Диляра Иманқұлова пандемияға байланысты денсаулық сақтау және білім беру, ІТ технологиялар салаларындағы мамандарға деген қажеттілік артқанын атап өтті. Сондықтан оның айтуынша, болашақ талапкерлерге осы мамандықтарға назар аударған жөн.
Пандемия жағдайында қала тұрғындары Жұмыспен қамту орталығына өздеріне ыңғайлы форматта хабарласа алады. Ол үшін Жұмыспен қамту орталығының мамандары Алматы қаласының барлық сегіз ауданына бөлінді.
«Бұл адамдарға тұрғылықты жері бойынша Жұмыспен қамту орталығына ұзын-сонар кезексіз жүгінуге көмектеседі», - дейді Диляра Иманқұлова. Пандемия кезінде санитарлық шараларды қамтамасыз ету үшін электронды кезек ұйымдастырылды. Сонымен қатар азаматтар Жұмыспен қамту орталығының сайты арқылы өздеріне ыңғайлы уақытты брондай алады. Жұмысқа ораналасуға қатысты барлық ақпарат enbek.kz сайтында орналасқан. Байланыс мәліметтері: + 7-727-224-20-00 және 7-727-221-66-11, info@cz-almaty.kz.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі