Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында мегаполис тұрғындарын коронавирусқа қарсы вакциналануға шақырды. Оның үстіне қазіргі уақытта бұл үшін барлық жағдай жасалған. Мысалы, сауда орталығына баруды вакцина алумен біріктіруге болады.
Сайран Сайфеденов вакциналану арқылы инфекциядан қорғану қажеттігін айтты, сонымен қатар маска режимін сақтаудың, қолды дезинфекциялаудың және байланыстарды шектеудің маңыздылығын еске салды. Атап айтқанда, аудан әкімі егде жастағы адамдарға COVID-19 вакцинасын алу жөнінде ойлануға кеңес береді.
Атап өтсек, Әуезов ауданында вакциналауға жауапты 9 медициналық ұйым бар, 25 егу пункті емханаларда, сауда орталықтарында, мектептерде, жеке медициналық клиникаларда ашылды.
Күн сайын сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін Moskva Metropolitan, Grand Park, Asia Park, Almaty Mall, Sputnik Mall, «Армада», «Спутник» СОСО, «Тигрохауд», Car City сауда орталықтарында, сонымен қатар №6, 10, 16, 18 емханаларында және «Хак», «Рахат», MedLine, «Медсервисхирургия» жеке медициналық орталықтарында, «Емхана 55», «Емхана Сұңқар II», «Med Lab экспресс» және т.б. жеке клиникаларында екпе салдыруға болады.
«Бүгінде бүкіл әлем тек вакциналанудың бәрімізге қалыпты өмірге карантинсіз оралуға, экономиканы тұрақтандыруға, балаларды балабақшалар мен мектептерге, студенттерді дәріс залдарына қайтаруға, жалпы отбасымен, достарымен, әріптестерімен, достарымен қауіпсіз қарым-қатынасқа оралуға мүмкіндік беретінін түсінді», - дейді Әуезов ауданының әкімі.
Бүгінде ауданда 96 700 адам вакциналанды, ал жұқтырғандар саны өсуде. Заманауи шындыққа келетін болсақ, вакцина салдыру коронавирустық инфекцияның таралуын тоқтататын және оны төмендететін жалғыз шара. Өзіңізді ғана емес, жақындарыңызды дерттен және ең қорқыныштысы – қайғылы жағдайдан қорғау үшін вакциналану қажет.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі