02.07.2026

Алматыда тарихи орталықтағы көпқабатты тұрғын үйлердің сәулеттік келбетін кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстары жалғасуда. Жоба қаланың бірегей архитектуралық келбетін сақтауға, көшелердің эстетикалық тартымдылығын арттыруға және тұрғындар үшін жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталған.

Жаңартудың жарқын мысалдарының бірі – Абай даңғылы, 40 мекенжайындағы тұрғын үй. Мұнда ғимараттың қасбеті табиғи таспен қапталып, кіреберіс топтары, баспалдақтар мен қоршаулар жаңартылуда. Кешенді реконструкция ғимараттың сыртқы келбетін жақсартып қана қоймай, тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда ауқымды жұмыстар Алмалы, Медеу және Бостандық аудандарында жүргізілуде. Бағдарлама аясында барлығы 178 көпқабатты тұрғын үйді жаңарту жоспарланған.

Бүгінгі күні 3 нысандағы жұмыстар толық аяқталса, тағы 99 тұрғын үйде реконструкция жалғасып жатыр.

Тұрғын үйлердің қасбеттерін кезең-кезеңімен жаңарту – Алматының тарихи келбетін сақтау, сәулеттік сапасын арттыру және тұрғындар мен қала қонақтары үшін жайлы әрі тартымды қалалық кеңістік қалыптастыруға бағытталған кешенді жұмыстың маңызды бөлігі.

ТӨРАҒАНЫҢ БЛОГЫ