Алматыда су басқан аймақтарды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр

21.10.2022

Экология және қоршаған орта басқармасының мамандары жауын кезінде су басатын орындарды анықтау жұмыстарын жүргізген болатын.

Баспасөз туры барысында Алматы қ. Экология және қоршаған орта басқармасының мамандары БАҚ өкілдеріне су басу орындарын жою бойынша жүргізіліп жатқан апаттық қалпына келтіру жұмыстарын көрсетті.

Таусамалы шағынауданында ұзындығы 980 м құрайтын Ойжайлау өзенінің арнасын бекіту жұмыстары жүргізілді. Райымбек даңғылында 1400 метрлік суы ағызу желісі салынып жатыр. Төле би мен Яссауи көшелерінің қиылысында өткізу қабілетін арттыра отырып ұзындығы 150 м құрайтын арық желісі жөнделді. Сонымен қатар журналистер Райымбек даңғылынан Қарасу көшесіне дейінгі үзындығы 2200 м коллектордың жөндеу жұмыстарымен және жалпы ұзындығы 3360 м құрайтын Момышұлы көшесінен Чуланов көшелерінің Жұбанов көшесінен Рысқұлов даңғылына дейінгі аралығындағы өткізу каналының құрылыс жұмыстарымен танысты.

Бұған дейін қала әкімінің тапсырмасы бойынша Экология және қоршаған орта басқармасының мамандары жауын кезінде су басатын орындарды анықтау жұмыстарын жүргізген болатын.

Барлығы 102  анықталып, оның ішінде 56 аумақ бойынша шұғыл түрде апаттық қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажет екендігі анықталды. Негізгі мәселе – жауын-шашын желісінің жоқтығы, кәріз желісіне қосылмаған, қоқысқа толған және бітелген арықтар мен коллекторлар. Жұмыс барысында жалпы ұзындығы 1,5 мың шақырым арық желісінің бойы 1464 жерде тұйықталғандығы, ал 16 коллектордың 12-сі істен шыққандығы белгілі болды.

Қазіргі кезде үнемі су басатын 25 аумақта жұмыстар аяқталды: Әйтеке би көшесі бойында Назарбаев, Абылай хан даңғ, Панфилов, Қонаев көшелерінің қиылысы; Төле би мен Яссауи көшелерінің қиылысы; Жароков-Сәтбаев, Сәтбаев-Байтұрсынов, әл-Фарабиден Ремизовкаға бұрылыс; Тастыбұлақ, Қалқаман шағынаудандары. Сондай-ақ Әуезов ауданындағы 1 канал мен Жетісу, Алатау аудандарындағы 4 коллектор жөнделді.

Экология және қоршаған орта басқармасы мамандарының айтуы бойынша, су басудың тағы бір себебі – су ағызу құбырлары диаметрінің су ағынының күшіне сәйкес келмеуі.

«Қазіргі таңда қалада диаметрі 500 мм су ағызу құбырлары пайдаланылады. Олар келіп түскен су көлемін игере алмайды. Осы мәселені шеші мақсатында диаметрі 1 мм құрайтын құбырлар орнатылып жатыр. Осылайша, су ағызу құбырларының өткізу қабілеті екі есеге артып отыр»,- деді Экология және қоршаған орта басқармасы басшысының м.а. Серік Әділбаев.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.