Алматы қаласын дамыту орталығында онкологиялық ауруға шалдыққан адамдар үшін ақпараттық платформа құру мәселесі талқыланды.
Мұндай диагнозды алғаш естіген кезде көптеген адамның абдырап қалатыны белгілі. Науқастар емді қайдан бастап, қандай тексеріс өтіп, мемлекет тарапынан қандай көмек қарастырылғанын біле бермейді.
Сондықтан жоспарланып отырған платформа осы сұрақтарға түсінікті жауап беретін бірыңғай ақпарат көзі болмақ.
Материалдар қарапайым әрі түсінікті форматта, қазақ және орыс тілдерінде, қарапайым дайындалады. Платформа сайт, ақпараттық жадынамалар және Telegram-бот сияқты бірнеше қолжетімді форматта ұсынылуы мүмкін. Бұл электронды құралдарды қолдануға қиналатын адамдардың да қажетті ақпаратты алуына мүмкіндік береді.
Жобаның мақсаты – тек ақпарат беру емес, онкологиялық аурумен бетпе-бет келген адамдарға қолдау болатын орта қалыптастыру. Платформаны әзірлеуге дәрігерлер мен пациенттік қауымдастықтарды тарту жоспарланып отыр. Нәтижесінде ол адамдарға бағыт-бағдар беретін, сенімді тірек болатын алаңға айналмақ.
