Алматыда мәслихат депутаттары қала үшін бірқатар жаңа ережені бекітті

17.01.2023

Депутаттар Алматы қаласы Жер комиссиясының құрамын және ол туралы қағиданы бекітті.

Алматыда VII шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXXII сессиясы өтті. Отырысқа қала әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері және сараптамалық қоғамдастық өкілдері қатысты.

Сессия барысында мәслихат депутаттары бірқатар нормативтік-құқықтық актілерді, оның ішінде жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережелерін қарады және бекітті, оларды әзірлеуге ғалымдар, көгалдандырушылар және жұртшылық өкілдері белсенді қатысты.

Ережелер алғаш рет жасыл желектерге қатысты нормалар мен талаптарды енгізеді, яғни суару, оның ішінде суару жүйесін ұйымдастыру, жасыл желектерді зиянкестер мен аурулардан биологиялық өңдеу, неғұрлым сапалы отырғызу материалдарын таңдау, объектілерден ағаштарға дейінгі ең аз арақашықтықты сақтау, ағаштарға санитарлық және формалы кесуді жүргізу, құрылыс жүргізу немесе аумақты реконструкциялау туралы шешімдер қабылдау кезінде міндетті түрде қоғамдық тыңдаулар өткізу.

Жаңа ережелерге сәйкес, өтемдік екпелер кезінде биіктігі кемінде 2,5 м немесе биіктігі кемінде 2 м қылқан жапырақты ағаштарды үш жыл бойы  күту қарастырылады.

Ережелерде жасыл кеңістігі бар аумақта жұмыс істейтін құрылыс компанияларына қойылатын талаптар айтарлықтай күшейтілген. Құрылыс ұйымдары жұмыстарды жүргізу кезінде жасыл желектердің сақталуын қамтамасыз ету үшін талаптарды орындауға міндетті.

Сессия барысында мәслихат депутаттары жануарларды аулаудың, уақытша күтіп-бағудың және жансыздандырудың өңірлік қағидаларын, үй жануарларын күтіп-бағу және серуендету ережелерін бекітті. Бұл құжаттар аулаудың адамгершілік тәсілін реттеуге, қаңғыбас жануарларды бейімдеу (қосу) жөніндегі жұмысты жетілдіруге мүмкіндік береді; жануарларға қатыгездік жасағаны үшін әкімшілік ықпал ету шараларын  және т. б. қарастырады.

Депутаттар Алматы қаласында туристердің келу құнының  (бес) пайызы мөлшерінде шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесі бойынша шешім қабылдады және бекітті. Мұндай тәжірибе көптеген жетекші туристік елдерде енгізілген. Туристік жарнадан алынған ақшалай қаражат жергілікті бюджеттен туризмді дамытуға бағытталатын болады.

Сонымен қатар, халықтың өмір сүру жайлылығын арттыру үшін «Алматы қаласында сыртқы жарықтандыру жүйелерін пайдалану ережелері» бекітілді. Негізгі мақсат – сыртқы жарықтандыру нысандарын күтіп ұстау және пайдалану, көлік құралдарының қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды оңтайландыру, сондай-ақ бірыңғай жарық тұжырымдамасын жасау.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ қылмыс деңгейін төмендету және қылмыстардың ашылуын арттыру мақсатында «Алматы қаласында меншік иелерінің келісіміне орай азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебақылау мониторингін жүргізу ережелерін бекіту туралы» мәслихат шешімінің жобасы әзірленді. Бұл ережелер меншік иелерінің келісімімен полиция департаментінің Жедел басқару орталығының бірыңғай жүйесіне коммерциялық объектілердің бейнекамераларын қосуға мүмкіндік береді. Байланыс арнасы үшін толық төлемді мемлекеттік орган өз мойнына алады. Осының арқасында қалада бейнебақылауды қамту 4 есеге – 128 мың камераға дейін кеңейеді.

Сессия барысында депутаттар қала әкімі мен Алматы қаласы аудандары әкімдерінің халықпен кездесулерінің жылдық күнтізбесін мақұлдады. Мәселен, 2022 жылы қала әкімі Ерболат Досаев халықпен жалпы 24 кездесу өткізді.

Депутаттар Алматы қаласы Жер комиссиясының құрамын және ол туралы қағиданы бекітті. Құрам жыл сайын келесі он екі күнтізбелік ай өткеннен кейін бекітіледі.

Сессия барысында мәслихат аудандық және учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлады, сондай-ақ қалған өкілеттік мерзіміне шығып қалғандардың орнына сайлау комиссияларының мүшелерін сайлады.

Атап өтерлігі, өткен жылы қалалық мәслихат Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп рекордтық сессиялар өткізді, сондай-ақ өз тарихында қаланың тыныс-тіршілігін реттейтін барынша көп нормативтік-құқықтық актілерді бекітті. Мәселен, тұрақты комиссиялардың 19 сессиясы мен 85 отырысы өтті. Нәтижесінде 106 шешім қабылданды, оның ішінде 25 нормативтік-құқықтық акт. 5 сессияда бюджетті нақтылау бойынша шешімдер қабылданды.

Мәслихаттың ұсынысы бойынша партиялардың барлық филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелері ашылды. 2022 жылы депутаттар мәслихаттың қоғамдық қабылдау бөлмесінде 31 азаматты қабылдады. Азаматтардың өтініші бойынша және әлеуметтік желілердегі резонанстық жарияланымдар бойынша бейінді мемлекеттік органдар мен аудан әкімдіктерінің өкілдерімен тұрақты комиссиялардың жедел бару тәжірибесі енгізілді. Мәселелер жергілікті жерлерде қаралады және тиісті шаралар қабылданады.

ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес мәслихат сессияларының ашықтығы мен транспаренттігін арттыру мақсатында сессиялар онлайн режимде өтті және көпшілік назарына ұсынылды.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.