Алматы ОКҚ-нің онлайн брифингінде қаланың Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қонырбаев мегаполистің IT-қоғамдастығының өкілдері үшін бірыңғай коммуникациялық кеңістік құру туралы айтты.
Б. Қоңырбаев атап өткендей, бірыңғай коммуникациялық кеңістік қаланың барлық колледждерін, ЖОО-дарын, инкубаторлары мен технологиялық жеке кәсіпорындарын жеке даму жоспары бойынша адами кадрларды дамытуға баса назар аудара отырып, бір платформаға біріктіруге мүмкіндік береді.
«Алматыда білім беру мекемелері, университеттер өте көп. Біз үшін ең бастысы осы мекемелердің барлығы өздерінің салалық бағыттары аясында дамығанын қамтамасыз ету болды. Осының негізінде біз дарындарымыздың салалық бағытта дамуы үшін жағдай жасай аламыз. Сонда бүкіл қала осы кеңістік арқылы біртұтас оқу орнына айналады. Осының арқасында біз тек студенттерге ғана емес, 25-45 жас аралығындағы адамдарға да назар аударамыз», — деді басқарма басшысы.
Сондай-ақ ол осы сегменттің өкілдері өз қажеттіліктеріне қарай белгілі бір мерзімге үздік университеттерден қажетті курстардан өте алатынын айтты. ҚБТУ, СДУ, КИМЭП университеттері платформаны курстармен толтырды, тағы бес техникалық университет бар. Бұл жұмысқа IT-компаниялар да тартылған.
Қазір платформада жалпы ақпараты бар таланттардың тізімі, анкетасы (дағдылар, білім, жұмыс тәжірибесі, сертификаттар); іске қосу мерзімі және міндетті ұсынылған курстарды қосу мүмкіндігі бар бос жұмыс орындарын құру функциясы; тапсыру мерзімі бар міндеттерді қою мүмкіндігі; бос жұмыс орындары мен міндеттерге жауап берген таланттар туралы статистиканы қарау; бизнестің өзекті сұраныстары бойынша жаңа білім беру іс-шараларын құруға өтініш беру мүмкіндігі; таланттардың бизнес рейтингі бар.
Платформаны одан әрі дамыту аясында:
- таланттардың компанияға қызығушылық танытуы үшін геймификациялық бос орындар мен міндеттерді құру мүмкіндігі;
- таланттар, бос жұмыс орындары мен міндеттер бойынша үлкен сараптама мен статистиканы көру мүмкіндігі;
- жеке онлайн/офлайн білім беру іс-шараларын құру;
- білім беру платформаларының сыртқы сервистерімен интеграция (онлайн сабақтар, тестілеу);
- бос жұмыс орындарына, міндеттерге жауап беру алдында онлайн тестілеу құру мүмкіндігі;
- онлайн сұхбаттасу мүмкіндігі жоспарланған.
2020 жылғы желтоқсанда платформа практикалық пайдалануға берілді. Платформаны толық іске қосу наурыз айына жоспарланған.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі