Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз турының қорытындысы бойынша өткен брифингіде қалалық Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская қаланы көгалдандыру үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.
«Бүгіннен бастап біз күзгі көшет отырғызуға кірістік. Жұмыс биыл 20 қарашаға дейін созылады. Шамамен 290 мың көшет отырғызу жоспарлануда. Жасыл желектердің басым бөлігі Алатау, Наурызбай, Жетісу аудандарына отырғызылады», — деді Н. Ливинская.
Жасыл желек отырғызуға кез келген адам қатыса алады. Желек отырғызу кестесімен басқарманың ресми сайтында таныса аласыз. Жалпы, 3 жыл ішінде шамамен 1 млн жасыл желек отырғызылады.
«Ағаш отырғызу кезінде белгілі бір критерийлер бар. Мысалы, биіктігі кемінде 3 метр, 5 қалыптасқан бұтағы бар, 6-8 жастағы ағаштар отырғызуға рұқсат етіледі. Діңі тегіс, диаметрі 3 см, күтімі кем дегенде 2 жыл болуы тиіс», — деді Н. Ливинская. Ағаштың түрі аймақтың климаты мен топырағына байланысты анықталуы керек.
Жүргізілген түгендеу жұмысында қаланың жасыл желектерінің тізілімі жүргізіледі. Онда ГАЖ-жүйесі базасында жасыл желектердің типі, түрлік құрамы, алаңының көлемі, жай-күйі және орналасуы туралы деректер тұрақты түрде жаңартылады.
Соңғы жылдары қалада сырттан кірген жәндіктердің инвазивті түрлерінің жаппай көбеюі байқалды. Олардың арасында еменді емен егегіштердің зақымдағанын көрдік.
Жасыл желектерді биологиялық әдістерге бейімдеп қорғау және сауықтыру мақсатында жапырақ жейтін және соратын зиянкестер мен саңырауқұлақ ауруларының қоздырғыштарына қарсы профилактикалық және қорғаныш өңдеу жүргізілді. Еменнің диатрипті некрозы, жөке мен қарағаштың тиростромозы, үйеңкінің кебуі немесе солуы, меланконий және цилиндрспоралы некроз және т. б. сияқты аурулардың алды алынды. Жүргізілген жұмыстардың арқасында ағаштың ұшар басының зақымдану дәрежесі 70-85%-тен 30-35%-ке дейін төмендеді. Ал кейбір жерлерде аурудың толығымен алдын алды.
Зиянкестерге қарсы биологиялық белсенділігі жоғары, экологиялық таза, мүлдем улы емес және адамдар үшін қауіпсіз биологиялық өнімдер қолданылады.
Сонымен қатар жасыл желектерді тиісінше суаруды қамтамасыз ету мақсатында Алатау және Бостандық аудандарында 10 ұңғыманы бұрғылау жүргізілуде. Сондай-ақ суару жүйесіне арналған 38 су қабылдағыштың құрылысы жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев Алматыны 2030 жылға дейін көгалдандыру стратегиясын әзірлеу туралы хабарлаған болатын. Оның аясында 10 жылға арналған дендрологиялық көгалдандыру жоспары қабылданады.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі