15.02.2021

11 ақпанда Алматыда еліміз бойынша алғашқы креативті индустриялар басқармасы құрылды. 2019 жылы Бақытжан Сағынтаев Қаланың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының басымдықтарын атап өтті, онда негізгі бағыттардың бірі креативті экономика болды. 29 қаңтарда мәслихат отырысы өтіп, депутаттар жаңа басқарма құру бастамасын қолдады.

Әлемде креативті экономика әлеуетінің артып келе жатқанын ескере отырып, Біріккен ұлттар ұйымы орнықты даму мақсатында 2021 жылды Халықаралық креативті экономика жылы деп жариялады. Сонымен қатар Мәскеуде үстіміздегі жылы креативті индустрияға қолдау көрсетіліп, креативті экономика Қаланың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі ретінде белгіленген.

Бұл басқарма креативті экономиканың қарқынды дамып жатқаны ескеріле отырып құрылды. Әлемдік тәжірибеге қарайтын болсақ, экономиканың дәстүрлі бағыттары көрсеткіштерінің құлдырауы жағдайында, шығармашылық экономика қосылған құнның қарқынды өсуін қамтамасыз ете отырып, экономиканың барлық салаларына терең интеграцияланып келеді.

Жаңа басқарманың негізгі миссиясы – креативті индустрия саласында ең үздік шығармашылық жұмыстарға қолдау көрсетіп, оларды сақтауға, жаңа өнім шығарып, жаңғыртуға арналған креативті орта қалыптастыру, сондай-ақ креативті индустрия өнімдеріне жоғары сұранысты қамтамасыз етіп, креативті кеңістіктерді дамыту.

Сонымен қатар басқармада ұлттық валютаны нығайтудың негізгі факторы болатын, интеллектуалды өнімнің экспорттық құрамдас бөлігін арттыру бойынша жұмыс жүргізіледі. 

Креативті индустриялар басқармасының басты міндеттері:

Ақпараттық, білім беру, ғылыми-зерттеу технологияларын және озық тәжірибелер мен практиктерді енгізу арқылы мәдениет мекемелерінің қызмет көрсету сапасын арттыру.

Мәдениет мекемелерін рекреациялық және ойын-сауық компоненттері бар  заманауи, көпфункционалды және тұтынушыға бағдарланған әлеуметтену орталықтарына айналдыру.

Мәдениет пен ойын-сауық инфрақұрылымын дамыту мақсатында жеке инвестицияларды және басқа да қаржыландыру көздерін тартуға жағдай жасау.

«Event-брендтер», қаладағы іс-шараларды өткізу мен түрлі мәдениет өнімдеріне қолдау көрсету арқылы қаланың туристік, инвестициялық және мәдени тартымдылығын арттырып, әлемдік мәдени кеңістікпен интеграциялану.

Әлемдегі ең жылдам өсіп келе жатқан секторлардың бірі ретінде креативті экономиканың дамуы кейінгі 3-5 жылда Алматы қаласының ЖӨӨ өсуіне айтарлықтай үлес қоса алады. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, креативті экономиканың ЖІӨ үлесі соңғы 15 жылда 10 есе өскен. Кейбір елдерде экономикадағы креативті салалардың үлесі дәстүрлі салалардға тең немесе одан асып түседі. Мысалы, Италия экономикасында ауыл шаруашылығының үлесі (ЖІӨ-нің 4,3%) креативті сала кәсіпорындарының өндіріс үлесінен төмен (4,9%).

Оңтүстік Кореяда шығармашылық саланың дамуы 1997 жылғы экономикалық дағдарыстан кейін «Халлю»  немесе K-Wave толқынынан басталды – Корей мәдениетін тарату бағдарламасы (шоу-бизнес, сән, сериалдар, фильмдер, поп-музыка, видео ойындар, кескіндеме, ас мәзірі және т.б.).

Мұндай құралды қолдану нәтижесінде Корея түрлі креативті өнімдерді жаһандық нарықтарға белсенді экспорттайды. Медиа ойын-сауық нарығының ауқымы бойынша Корея әлемде жетінші орында, ал елдің креативті индустриядан түскен экспорттық кірісі 2019 жылы 12 млрд АҚШ долларынан асты.

Креативті индустриялар басқармасының құрылуы шығармашылықтың өркендеуіне ғана емес, Алматыға келетін туристер санының артуына, жалпы еліміздің имиджін көтеруге ықпал етеді. Бұл жоспардың бәрі шығармашылық секторды коммерциялау, интеллектуалды әлеуетті дамыту және шығармашылық өндірісті кеңейту арқылы жүзеге асырылады.

Ескерту:

Шығармашылық экономика немесе білім экономикасы – бұл интеллектуалды қызметке негізделген экономиканың ерекше саласы.

Негізгі сипаттамалары:

  • адам қызметінің түрлі салаларында жаңа технологиялар мен жаңалықтардың жоғары рөлі;
  • белгісіздіктің жоғары деңгейі;
  • бұрыннан бар білімнің ауқымды көлемі және жаңа білімнің аса қажеттілігі.

«Креативті экономика» ұғымын BusinessWeek журналы 2000 жылғы тамызда енгізген.

--

Креативті индустриялар – бұл жеке шығармашылыққа, шеберлікке немесе талантқа негізделген және интеллектуалды меншікті өндіру мен пайдалану арқылы қосымша құн және жұмыс орындарын құру әлеуетінен тұратын  қызмет.

Creative Industries Mapping Document, 1998

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі