Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасының екінші кезеңіне өтінім қабылдау жалғасуда

04.09.2020

Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасының екінші кезеңіне өтінім беру басталды. Қала тұрғындары өз жобаларын ұсыну арқылы ауданның көркеюіне үлес қоса алады. Бір жыл бұрын басталған жоба бүгінде қаланың әр аумағында өз нәтижесін көрсетті. Ал көпшілікті көңілінен шыққан жобаның жалғасы қандай болмақ?

Былтыр қала тұрғындарының өтініші бойынша «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасы іске асып, өтінімдер қабылдау басталған еді. Жобаға сәйкес, қала бюджетінен 8 ауданға 500 млн теңге берілді. Бұл қаражатқа тұрғындардың сұрауы бойынша аулалар абаттандырылып, саябақтар мен скверлер салынды, спорт алаңдарын жасалып, көшелерге жарық орнатылды. Биыл жалғасын тапқан сәтті жобаға жергілікті бюжеттен 6 млрд теңге қарастырлған. Әр ауданға 800 млн-нан беріледі деп жоспарланып отыр.

«Бақытжан Әбдірұлының «Бюджетке қатысу» бағдарламасына сәйкес, біздің ауламызда ойын алаңы құрылды. Бұрын балаларымыз топырақта ойнайтын еді, қазір заманауи ойын алаңдары құрылды. Арнайы рақмет», – деді қала тұрғыны Мадияр Жалғас.

Жоба аясында Әуезов ауданында 4 жоба іске асты. Оның бірі Николай Сац  атындағы балалар мен жасөспірімдер театырының айналасын көріктендіру мен сұбұрқақты қайта қалпына келтіру жұмыстары қолдау тапты. Аумағы 400 шаршы метрді құрайтын бұл жерге көпшілік демалатын саябақ салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейні аяқталады деп күтілуде. 

Әуезов ауданы бойынша «Бюджетке қатысу» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан жобаның бірі бұл біз тұрған аймақ. Мұнда саябақ ішіне қазақтың ұлттық интеллектуалды тоғызқұмалақ ойын алаңдары салынып жатыр. Жоба ерекшелігі тоғызқұмалақ тақталары берік граниттен салынған. Құрылыс жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Аудан тұрғындары мұнда келіп уақыттарын тиімді өткізе алады. 

Өткен жылы Әуезов ауданы бойынша бас аяғы тұрғындар тарапынан 18 жобаға ұсыныс келіп түскен. Соның 4-еуі мақұлданды. Енді аудан тұрғындарының жобаның екінші кезеңіне тапсырыс беріп, өз ауласы мен көшесін көріктендіруге мүмкіндіктері бар.

«Қала тұрғындары Open Almaty арқылы өздерінің ұсыныстарын және жобаларын салып ашық түрде дауысқа салып беруге мүмкіншілігі бар. Дауыс көп жинаған жобалар жобалар жүзеге асырылады», – деді Әуезов ауданы көріктендіру бөлімінің бас маманы Әлімжан Шаяхмет.

Жұмыстың жүйелі жүргізілуі мен сапалы өнімнен салынуын қалалық қоғамдық кеңес өкілдері бақылайды. «Бюджетке қатысу» жобасының ерекше тұсы – құрылыс жоспары қала тұрғындарымен кеңесе отырып жасалады. Бұл билік пен бұқара арасында ашық қоғам қалыптасуына үлкен мүмкіндік дейді қоғамдық кеңес мүшелері.

 

Ақпарат көзі: Almaty.tv