Алматыда ауа сапасын жақсарту үшін халықаралық тәжірибе қолданылады

27.02.2025

Қала әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарының сұрақтарына жауап бере отырып, Алматыдағы ауа сапасын жақсарту жоспарлары туралы айтты.

«Біз 2025-2027 жылдарға арналған бағдарламаны әзірледік және өнеркәсіптік шығарындыларды азайту, сондай - ақ көлік секторын реттеу есебінен елеулі нәтижелерге қолжеткізе аламыз деп үміттенеміз», - деп атап өтті ол.

Алматыда әлемдегі ең ірі мегаполистердің үлгісі бойынша автотұрақ құнын арттыру, сондай-ақ шығарындылары төмен аймақтарды (Low-emission zone) құру жоспарлануда. Бұл мәселе қоғамдық кеңес пен мәслихаттың талқылауына ұсынылады. Қазіргі экологиялық стандарттарға сәйкес келмейтін автомобильдер үшін мұндай аймақтарға кіру ақылы болады деп болжануда. Алайда, электромобильдер мен экологиялық таза көлік иелеріне шектеулер әсер етпейді.

Сонымен қатар, әкім қалада мобилділікті жақсарту үшін жерасты және жерүсті жедел қоғамдық көлікті дамытудың, сондай-ақ көлік-ауысып отыру тораптарын салудың маңыздылығын атап өтті.