12 желтоқсанда Алматы қаласын дамыту орталығында (АДО) қала мәселелерін шешудің платформалық тетігін іске асыру аясында ғылымды коммерцияландыру перспективаларына арналған жиын өтті.
Іс-шара ғылыми институттар мен коммерциялық сектор арасындағы өзара іс-қимылды нығайту үшін бірлескен шешімдерді табу үшін академиялық қоғамдастықтың, бизнес пен мемлекеттік органдардың өкілдерін біріктірді.
Жиынға қаладағы жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері, соның ішінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, Тұран университеті, Алматы Менеджмент университеті, Satpaev University және т.б. қатысты. Ғылым мен бизнестің жеткіліксіз интеграциясы мәселелеріне ерекше назар аударылды: Қазақстандағы ғылыми басылымдардың 1%-дан азы кәсіпорындармен бірлесіп жасалады.
«Бүгінгі күні Алматының айтарлықтай ғылыми әлеуеті бар, бірақ оны толықтай дамыту үшін университеттер, ғылыми-зерттеу институттары және бизнес арасында берік өзара іс-қимыл орнату қажет. Біздің мақсатымыз - диалог үшін жағдай жасау және ғылымды коммерцияландырудың тиімді тетіктерін әзірлеу», - деп атап өтті АДО Басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ғабдуллина.
Қатысушылар айтқан ұсыныстардың ішінде:
- ғылыми ұйымдар мен бизнестің өзара әрекеттесуі үшін бірыңғай цифрлық платформа құру;
- стартаптарды бастапқы кезеңде қолдау шараларын әзірлеу;
- ғылым, бизнес және мемлекет өкілдері арасында тұрақты кездесулер өткізу.
Барлық бастамаларды АДО өңдеп, одан әрі қарау және қалалық бағдарламаларға енгізу үшін қалалық әкімдікке жолдайды.
Платформалық тәсіл Алматыны дамытуға бағытталған шешімдерді талқылау және іске асыру тетігі ретінде дамуын жалғастыруда. Біз бірлескен күш-жігердің арқасында қаланың ғылыми әлеуетін ашып, экономиканың негізгі салаларына инновацияларды енгізе алатынымызға сенімдіміз», - деді АДО Басқарма төрағасы Андрей Шовкопляс.
АДО қаланы дамытудың негізгі мәселелеріне назар аудара отырып және барлық мүдделі тараптардың тығыз ынтымақтастығы үшін жағдай жасай отырып, Платформа аясында кездесулер өткізуді жалғастыруды жоспарлап отыр.