ӨКҚ брифингінде 5 танымал қызмет түрі аталды.
Алматының ХҚКО-ры арқылы 2 миллион 600 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі брифингі барысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Фарида Бокижанова айтты.
Естеріңізге сала кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бірыңғай провайдері болып табылады. Ол барлық мемлекеттік қызметтердің 95,9% - ын төрт негізгі бағыт- халыққа қызмет көрсету, әлеуметтік қамсыздандыру, жер кадастры, жылжымайтын мүлік бойынша көрсетеді.
«Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің 94%-ы «Электрондық үкімет» порталы арқылы онлайн түрде қолжетімді, 940 қызмет смартфон арқылы, 26 қызмет проактивті және 38 қызмет «Бейне ХҚО» форматы арқылы көрсетіледі», - деді брифингте Ф. Бокижанова.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалы 2022 жылдың 12 айында халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 2 665 567 мемлекеттік қызмет көрсетілді және де өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы 1 376 486, 945 433 қызмет мамандандырылған бөлімі бойынша қызмет көрсетілді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалы бойынша 13 фронт-офис, 4 мамандандырылған бөлім, 1 көші-қон бөлімі және 13 бэк-офис бар.
Алматы қаласындағы оқу орындары мен емханаларда өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында 293 жұмыс орны, сонымен қатар автосалондарда жұмыс орындары ұйымдастырылған:
AllurAuto» Алматы қаласы, Алматы қ., Сүйінбай даңғылы, 159 А мекенжайы бойынша орналасқан.
«Hyundai Premium», Алматы қаласы, Сүйінбай, 245 мекенжайы бойынша орналасқан.
Алматы қ., Райымбек даңғылы, 115/23 мекенжайы бойынша «Mycar Raiymbek» автосалонындағы сектор.
Басқа республикалардан келетін шетелдік азаматтарға қызмет көрсету үшін Байзақов, 280 мекенжайы бойынша орналасқан Smart-point Almaty-да 1 жұмыс орны ұйымдастырылды.
«BI Group» ЖШС үшін аудару шарттарын тіркеу бойынша Тимирязев көшесі, 28 а. мекенжайында ақылы қызмет көрсету бойынша 1 жұмыс орны ұйымдастырылды.
Әдістемелік және консультативтік көмек көрсету үшін Достық даңғылы, 85 мекенжайы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету үйінде 1 жұмыс орны ұйымдастырылды.
ӨКҚ брифингінде 5 танымал қызмет түрі аталды:
- ЭЦҚ алу:
- көлік құралын тіркеу;
- жүргізуші куәлігін алу;
- әлеуметтік қызметтер;
- Жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру және тіркеу.
Жер кадастры, жылжымайтын мүлікті техникалық зерттеу, жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу бағыты бойынша 2022 жылдың 12 айында 398 599 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде 329 009 қызмет техникалық төлқұжат дайындау арқылы көрсетілген.
- Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласында 235 483 қызмет көрсетілді.
- Заңды тұлғаларды тіркеу арқылы 45 383 қызмет көрсетілді.
– Жер кадастры арқылы 24 207 қызмет көрсетілді.
Сонымен қатар Фарида Бокижанова 2022 жылы жүзеге асырылған пилоттық жобалар туралы айтты.
- Құжаттандыру саласында пилоттық жобалар жүзеге асырылды.
- мемлекеттік қызметтердің барлық түрлері бойынша қағаз түбіртектерден бас тартты.
- электрондық қосымшалар, SMS арқылы хабарламаларға қол қою арқылы қызметтер көрсету енгізілді.
- мобильді қосымшасы Мобильді ХҚКО арқылы, бейнеқоңырау арқылы Электрондық цифрлық қолтаңбаны алу.
- Мемлекеттік қызметтерді екінші деңгейлі банктердің – Kaspi Bagk, Халық банкі және Freedom Finance және де РАГС арқылы азаматтарды тіркеу және Көлік құралын тіркеу қызметін алу.
- Операциялық залдағы 183 жұмыс орнының 58 жұмыс орнын жылдамдық аймағында ұйымдастырды.
- Яндекс және My khat сервистері арқылы дайын құжаттарды жеткізу қызметі ұйымдастырылды.
Дереккөз: Almaty.tv.